Home / Қаржы / Бағытымызды айқындаған бағдар

Бағытымызды айқындаған бағдар

«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан» деп айтқан Елбасымыздың сөзінің үлкен мән-мағынасы бар. Қазіргі таңда Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы еліміздің өркендеп өсуіне үлкен үлес қосады деген сенімдемін. Алтыншы «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» тармағындағы мәселеге қосар өз ойымды айтып өтсем. Тынымсыз еңбек еткен адамның алар асуы зор болады. Ал, сол еңбектің жемісін көру үшін, үздіксіз білім алып, әрқашан ізденісте болуымыз міндетті. Білімнің ешқашан шегі болмайды. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатын насихаттау мақсатында мектеп қызметкерлерімен дөңгелек үстел, барлық сыныптарға тәрбие сағаттары өткізілді. Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғырына» сүйене отырып, біз Тəуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мəдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз! Ұлық мерекеміз – ел Тəуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында айтылған Елбасының аталы сөзі – жасампаз еліміздің болашағы жастардың адастырмас темірқазығы, жол сілтер бағдаршамы болатындығына кәміл сенімдімін!
Қуат Қынаша,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Жауапкершілікті арттыру қажет

«Елдіктің жеті тұғыры». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше Nur Otan партиясының Саяси кеңесі отырысында осын­дай қағидаттар жиынты­ғын ұсынды. Тұңғыш Прези­дент отыз жылда жеткен жетістіктерді сөз етті. Экономи­касы қуатты, бірлігі берік елге айналдық деді. Енді, осы жетістіктерді қадірлеп, қорғау – келер ұрпақтың еншісінде екені айтты.
2017 жылы Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланып, соның негізінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама еліміз үшін бір сілкініс болды. Себебі, әр адам рухани жаңғыруды өзінен бастау керек. Баланы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, ана тілін үйретіп, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңіру де басты парыз деп білуіміз қажет. Ол үшін жаспын деп салғырттыққа салынбай, балаға жәй бала деп емес, болашақтың егесі деп қарау міндетіміз.
Елбасы «табыстың кіл­ті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек ету» екенін үнемі айтып келеді. Жалпы алғанда, Елбасы санамалап өткен бұл құндылықтар әрбір жастың жетістікке жету, қоғамға пайдалы адам болып, өнім беру жолындағы басты қағидаларына айналуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанның ертеңгі келбеті қандай болатыны бүгінде әрбіріміздің отбасымызда тәрбие­леніп жатқан ұл-қыздарымызға байланысты екенін естен шығармау керек.
Аида ҚЫСТАУБАЕВА,
М.Әуезов атындағы орта мектеп директоры.

Отанның бастауы -Отбасы

«Елдіктің жеті тұғыры» болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысында «Мәңгілік Ел» мұратын жүзеге асырудың жеті тұғырын айқындап берді. Бұл жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы. Елбасының бір-бірімен үйлесім тапқан жас ұрпаққа Үндеуі барымызды бағалап, «Тәуелсіздік» деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды.
Мемлекет қанша жерден экономикасы дамыған, мәдениеті жоғары, болса да, әлеуметтік орта ыңғайлы болса да, отбасындағы жағдай ыңғайсыз болса, елдің дамуына кедергі болады. Отанның негізі отбасы болғандықтан бұл өте орынды түсінік. Ол үшін ең алдымен отбасы институтын қадағалап, сол отбасындағы әлеуметтік рөлдердің атқарылуын, әкенің әке болып, ананың ана болып жауапкершілік алатынын ұмытпауымыз керек.
Мемлекеттілігімізді қадірлеп, көздің қарашығындай қорғау – әркімге де міндет. Алайда экономикалық жетістіксіз мемлекет болып қалыптасу екіталай. Әсіресе, дәл қазіргідей дүниежүзін экономикалық дағдарыс жайлаған шақта бұл өте өзекті мәселенің бірі. Ал, этникалық әралуандық – біртұтас ұл ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы. Себебі, бірлік пен келісім болмаған жерде тұрақтылық та мәнін жояды. «Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы жолда жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етіп, жауапкершілік таныту қажет.
Анар ҚЫНАТБЕКҚЫЗЫ,
А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның мұғалімі.

About DevTeam

Check Also

Жүз дау

Қаратау қаласының тұрғыны Е. Жамбыл облысы Талас ауданының мүлікті жария ету туралы комиссиясының 2007 жылғы …

Добавить комментарий