Home / Аймақ / 1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес береді

1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес береді

Қазақстандықтар енді әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын бұл үшін 1411 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет еді.
Клиенттер зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеу­меттік көмекті ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту мәселе­лері бойынша кеңестерді 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып ала алады, қоңырау шалған соң, қосымша 5 нөмірін теру қажет.
«1414 техникалық платформасына көшу қабылданбай қалатын қоңыраулардың үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз мұнымен 1411 желісін қамтамасыз ету­ге жұмсалған шығындарды оңтайландырамыз. Қазір біз дыбыстық қоңырауларды ғана емес, мәтіндік хабарламалар­ды да қабылдауға болатын омниканалды жүйені қолдана­мыз. Қа­зақстандықтар @kenes1414 bot телеграм ботында «Зей­нетақымен қамсыздандыру» бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша операторға хабарлама жіберіп, сол жерден жауап ала алады. 1411 нөмірі енді қолжетімді емес», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
Клиенттер әлеуметтік-еңбек саласына қатысты сұрақта­рын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі (жексенбі – демалыс) күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдай алады, қоңырау шалу тегін.
«Азаматтарға арналған үкімет
«Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша
филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша
Талас аудандық бөлімі.

About DevTeam

Check Also

Прокурор жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырады

Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша криминогендік жағдай қылмыстың 0,9%-ға (3623-тен 3590-ға …

Добавить комментарий