Home / Соңғы жаңалықтар / Бірқатар нысандарды аралады

Бірқатар нысандарды аралады

ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты, Nur otan партиясы
фракциясының мүшесі Мейрамбек
Төлепберген жұмыс сапарымен
ауданымызда болды.

Мейрамбек Мылтықбайұлы ең алдымен Көктал ауылдық округінде орналасқан жел электр станциясының жұмыс барысымен танысты.
Құны 3,7 миллиард теңгені құрайтын қуаттылығы 9 мВт болатын «Вин Пауер Сити» және «Вин Электрсити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясы бүгінде ел игілігіне қызмет етуде.
Жұмыс кестесінің келесі кезегінде Мейрамбек Мылтықбайұлы Қаратау қаласындағы 3-мөлтек ауданында орналасқан, қазіргі таңда жаңғыртудан өткізіліп жатқан №17 үйдің құрылыс жұмыстарын көрді.
Жуырда ғана басталған жөндеу жұмыстарының қарқыны көз қуантатынын айтқан халық қалаулысы тындырымды тірлікке оң бағасын берді.
Аталмыш нысандағы жұмыстар барысымен таныстырған аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимов алдағы уақытта 2 жатақхана мен 2 тұрғын үйдің және «Қаратау» қонақ үйін де жаңғырту жоспарда тұрғанын тілге тиек етті.
Талас топырағынан шыққан талантты теңбілдопшылар жаттығатын «Орталық стадион» да Мәжіліс депутатының назарынан тыс қалмады.
Мәжіліс депутаты бірінші лигада бақ сынап жүрген «Игілік» футбол командасының ойыншыларымен тілдесіп, жеңісті жолдар тіледі.
Сонымен қатар, кіші футболға арналып соғылып жатқан алаңшаның құрылысымен және қаланың орталық қазандығының жұмыс барысымен танысып қайтты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

About DevTeam

Check Also

Жерлестері чемпионға құрмет көрсетті

Түркістан қаласында «Алаш Прайттың» алтын белбеуі үшін ережесіз –жекпе жектен Азия аймағы бойынша жарыс өткені …

Добавить комментарий