Home / Аймақ / Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Ат төбеліндей қазақ деген халықтың санын көбейтуге үлес қосып, Ұлы Даланың жер жаһанда беделі мен берекесі артуына ықпал етер болашақ ұландарымыз бен қарлығаштарымызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналар өздеріне лайықты марапатты мойынға тағынды. Дәл осы сәт әрбір ананың жүрегіне қуаныш ұялап, көңіліне медеу болып, еңбегіне алғыс алған кезі екені сөзсіз. Бұл – тек қана алғыстың алқасы емес, кеудедегі мақтаныш пен махаббаттың, ыстық ықыластың алқасы, қазақтың маңдайы жарқыраған ұрпағы көбейе берсін деген тілегі. Асыл аналарымыз арыстай ұлдарымыз бен ибалы да инабатты қыздарымызды жарық дүниеге әкеле берсін!
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек ауданымыздағы көпбалалы аналар:
Қаратау қаласының тұрғыны Ұлжан Байжүнісова мен Ойық ауылының тұрғыны Элмира Беркимбаеваға «Алтын алқа», ал Қаратау қаласының тұрғыны Әсел Кеңкөзова мен Нүргүл Илановаға, Көшек батыр ауылының тұрғыны Нағима Дүйсенбиева мен Қызыләуіт ауылының тұрғыны Гүлсара Смаиловаға «Күміс алқа» табыс етті.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

About DevTeam

Check Also

Прокурор жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырады

Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша криминогендік жағдай қылмыстың 0,9%-ға (3623-тен 3590-ға …

Добавить комментарий