Home / Аймақ / Мейірімге толы мамандық иелері

Мейірімге толы мамандық иелері

Құрметті медицина қызметкерлері!
Адамның денсаулығы – баға жетпес құндылық. Ал денсаулық күзетшісі – дәрігер мамандығы ең киелі де қасиетті мамандықтардың бірі, әрі бірегейі. Ол жай ғана жоғары білікті маман ғана емес, ол бойына адалдық пен жауапкершілікті, адамгершілік пен мейірімділікті жинақтаған айтулы тұлға.Бұл мамандық иесі – халықпен біте қайнасып қызмет жасайтын, қастерлі еңбек иесі. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі.
Күллі әлемді күрсінтіп, кеселін көпке тигізген қауіпті індетпен де күресіп жатқанымызға бір жылдан астам уақыт болды. Қауіпті індетпен тынымсыз күресіп келе жатқан бүгінгі күннің батырлары – медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаймын. Бұл ретте ақ халатты абзал жандарың еңбегі орасан.Аудан бойынша короновирус инфекциясымен 47 жағдай тіркелген болатын. Қазіргі таңда 44 науқас толықтай жазылып, 3 адам ем қабылдауда. 2021 жылдың басынан бері пневмониямен ауырған 228 науқас тіркеліп, 200 адам жазылып шықты. Сондай-ақ, 24 адам ем қабылдауда. Өкінішке орай, дәл осы ковидті пневмониядан 3 адам қайтыс болды. Аталмыш дертпен күресте ерен еңбегімен көзге түскен Омарова Гүлзира, Мықтыбеков Рашид және Жұмабекова Айгүл сынды білікті дәрігерлер марапатталды. Аудан бойынша науқастармен тікелей қатынаста жұмыс жасап жатқан 9 дәрігер, 24 медбике, 24 кішібике өтемақы алуда.
Адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға әрдайым арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленуі тиіс. Азаматтарының денсаулығы мықты елдің экономикасы мен әл-ауқаты да жоғары болады. Сондықтан да, халықтың денсаулығын қорғау, еліміздің медицина саласын заман талабына сай дамыту мәселесіне айрықша мән беріп, ұдайы назарда ұстап келеміз.
Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен тағы да құттықтай отырып, осынау қиын да қастерлі қызметтеріңізге толағай табыс, отбастарыңызға ырыс-ынтымақ, бақ-береке тілеймін!

Қанатбек МӘДІБЕК,
аудан әкімі.
Кадірбек САДУБАЕВ,
мәслихат хатшысы.

About DevTeam

Check Also

1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес береді

Қазақстандықтар енді әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын …

Добавить комментарий