Home / Аймақ / Екпе — елдің саулығы

Екпе — елдің саулығы

Коронавирусты жеңудің бірден-бір жолы-
вакцина салдыру. Соңғы уақытта
еліміздегі індетке қатысты жағдайдың
тұрақталуын мамандар халықтың екпе
салуымен байланыстырып отыр.

Бірақ, әлі де болса көпшілік арасында вакцинаға сенімсіздік танытатындардың қатары сейілмей отыр. Біз мұны жылжымалы екпе егу пунктінің жұмысы барысында байқадық. Бұл жайтты ондағы дәрігерлер мен медбикелер де растайды.
Жалпы, аудандық орта­лық ау­руханаға қарасты жылжымалы екпе егу пунк­ті әр күні белгілен­ген кестеге сәйкес мекеме­лердің маңы мен адамдар көп шоғырланған қоғамдық орын­дарда ниет білдірген азаматтарды қа­был­дап, вак­цинация жұмыс­­тарын жүр­гізеді. Бұл жолы жылжымалы пункт қала­дағы Т.Рысқұлов көше­сінің бойына аялдады. Бай­қа­ға­нымыздай мұн­да осы маңда­ғы мекеменің қызмет­керлері тартылып, екпе са­луға өз еркімен өтініштерін білдіріп жатты.
Медбикенің айтуынша, негізінен тұрғындарға салы­нып жатқан «Спут­ник-V» вакцина­сы. Бір ампулада 5 до­за бо­лады. Арнайы салқын­датқышта сақталған ампуланы ашқан соң арасын ұзатпай бірден бес адамға егу қажет. Вакцина алған азамат отыз минут әсерін күтеді. Егер, өзін қалыпты сезінсе, шаруаларымен айналыса беруіне болады. Екпе алушыға кері әсерін тигізген жағдай әлі тіркелмеген.
Қазір жылжымалы екпе егу пунктінде 1 дә­рігер, 2 медбике қызмет көрсетіп жатыр. Олар мұнда вакцинаның тек бірінші компонентін ғана салады. Екінші рет екпе алушылар емха­наға баруы тиіс. Вакцинаны алғашқы рет қабылдап отырса да, мұндағы жиылған көпшіліктің көңілдері көтеріңкі көрінді бізге.

  • Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Екпені ерте салдыруыма да болар еді, бірақ уақыт таба алмадым. Жылжымалы екпе егу пункті мекеменің алдына тоқтаған соң, орайы да келе кетті. Жарты сағат болды, дәрігерлердің кеңесі бойынша күтіп тұрмын. Қазір өзімді жақсы сезінудемін,-дейді екпе алушылардың бірі Сәлима Сәрсенбаева.
    Вакцина салдыруға тілек білдірген аза­маттардың қатары артқан сайын, қалыпты өмірге оралатын күніміз де жақындай түспек. Сон­дықтан, өз саулығын ойлап, жақыныңа жа­нашырлық танытқысы келген әрбір жан вакцина салдыру қажеттігін түсінсе дейміз.

Аружан МАМЫТ.

About DevTeam

Check Also

1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес береді

Қазақстандықтар енді әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын …

Добавить комментарий