Home / Аймақ / Кәсіп тәжірибемен кеңейеді

Кәсіп тәжірибемен кеңейеді

Жалпы, кәсіпкерлікті түбегейлі жақсарту және оңың
өрісін кеңейту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін
одан әрі жетілдіру- Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың
халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген басым
бағыттардың бірі. Бұл орайда істің тетігін
тапқан кәсіпкерлердің өзара тәжірибе
алмасуы да нәжижесін бермек.
Осы мақсатта аудан әкімі Қанатбек Мәдібек және аудан әкімінің орынбасары Төрехан Қойлыбаев бастаған бөлім басшы­ларымен қатар, шаруа қожа­лық төрағалары жеке кәсіпкерлер Байзақ ауданында болып қайтты.
Бұл аудан — өңірдегі шаруашы­лығы өркендеген аймақтар қатарына жатады. Өз өнімдерімен облысқа ғана емес, елімізге танымал бірқатар серіктестіктер мен кәсіпорындар осы аймақта шоғырланған. Сала басшылары бастаған кәсіпкерлік субъектілер тобының да Байзақ ауданын таңдаудағы себебі сондықтан.
Таластан аттанған арнайы топ өкілдері алдымен Қостөбе ауылдық округінде орналасқан «МолБид» ЖШС-і, «Агали» шаруа қожалығында болды. Қос шаруашылық та мүйізді ірі қара малын өсіріп, сүт өндіру ісімен айналысады. Жалпы, серіктестік пен шаруа қожалықтың жұмыс барысымен Байзақ ауданы әкімі­нің орынбасары Болат Сағынбеков пен Байзақ аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еркін Нахимов таныстырып берді. Сондай-ақ, дәл осы округте лимон өсіру шаруашылығы да жолға қойылған көрінеді. Оған кәсіпкерлік субъек­тілер тобы «НурАхмед» жеке кәсіпкерлігін аралау барысында көз жеткізді.
Бұдан бөлек, ауданнан барған арнайы топ өкілдері Жалғызтөбе ауылында орналасқан гүл өндірісімен айналысатын «Жасұлан Флора» және Мырза­тай ауылындағы «Осман» шаруа қожалығының жылыжай жұмысымен де танысты.
Байзақ ауданында өткен тәжірибе алмасу сапары жайында ой бөліскен аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров: -Сәтімен келген әсерлі сапар болды. Ау­даннан барған жеке кәсіпкер­лер мен шаруа қожалық төрағалары өндірісі жолға қойылған серіктестіктердің жұмысын көрді, қажетті мағлұматқа қанықты. Бұл сапар бөлім басшыларына да біраз ой салды. Мәселен, форель балығын өсіріп отырған тәлімбақта болдық. Таласта да су қоймалары аз емес. Қолға алуға болатын кәсіп түрлерін көріп қайттық,-дейді.
Кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасу сапары мұнымен шектел­мек емес. Ой салып, тәуекелге бастайтын шаралар алдағы уақыт­та да жалғасын табатын болады.

About DevTeam

Check Also

1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес береді

Қазақстандықтар енді әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын …

Добавить комментарий