Home / Аймақ / Су үнемдеу технологиясын енгізу — өнімділікті арттырады

Су үнемдеу технологиясын енгізу — өнімділікті арттырады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Талас ауданына
арнайы іс сапармен барды. Өңір басшысы өз
жұмысын «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас»
облыстық мәндегі тас жолының құрылысымен
танысудан бастады.
Қаратау қаласынан «Самал» биігіне көтеріліп, Тараз қаласына қарай бет алатын жолдың алғаш­қы бөлігінің сапасыздығы бы­лайғы жолаушылардың жүріп-тұруына қиындық туғызып кел­гені, рас. Ойлы-қырлы бо­лып келетін атал­мыш жолдың шұң­қырлары­на аракідік жөндеу жұ­мыстары жүргізілгенімен мұн­дай шара мәселені толыққанды шеше алмайтын еді.
Осы жылдың сәуір айы­нан бастап мердігер «Арай-СтройМаркет — 2003» ЖШС 70 шақырымдық орташа жөн­деуден өтуге тиіс жолдың осы бөлігіне қатысты жұмыстарды бастап кеткен. Тамыз айында бітуге тиіс бұл нысанға 396,2 млн. теңге қаражат бөлінген.
Бұдан кейін облыс əкімі Қаратау қаласындағы 3-ші шағын ауданында қайта жаң­ғыртылудан өтіп жатқан №17-ші көпқабатты тұрғын үйдің құрлысын көрді. 64 пəтерден тұратын көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын «Агроспецстрой» ЖШС жүргізуде. Оны күр­делі жөндеуден өткізуге бюд­жеттен 510 миллион теңге бөлініпті. Компания өкілі Рустем Қуатовтың айтуын­ша, құрылысқа 62 адам тар­тылған. Оның 60 пайызын қала тұрғындары құрайды. Қазіргі таңда құрылысшы­лар көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жауып, ішкі-сыртқы сылақ жұмыстарын бастап кеткен. Аудан əкімі Қанатбек Мəдібек биыл 44 пəтерден тұратын 3-ші шағын аудандағы №5-6 жа­тақханалардың құ­рылысын бас­тауды жобалап отырғанын айтты.

Бұдан кейін, «Ақкөл-Қойгелді» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысымен танысты. Құрылысы сəуір айында басталды. Оны «Рауан» ЖШС жүргізуде. Жол жөндеуге 732 миллион теңге бөлінген. Серіктестік өкілдері жолды қазан айында тапсыратындықтарын айтуда.
Ал Ақтөбе, Қызылəуіт жəне Ақкөл ауылдарына газ тарту жұмысының барысымен «Тараз строй — 2004» ЖШС директоры Қуат Баққараев таныстырды. Оның айтуынша, газдандыру жұмысына 2 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. Жоба 2022-2023 жылдарға өтпелі. Қазіргі таңда 88 километрді құрайтын газ желісінің 22 километріне құбыр тартылған.
Сондай-ақ Көктал су құбырының жұмысымен жəне Ақкөл су қоймасының жұмысымен танысты.
Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Ақкөл мəдениет үйінде ауыл ардагерлерімен кездесті. Ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Досболат Туғанбаев ауылдың сексен жылдық тарихымен таныстыра келіп, «соңғы жылдары біздің ауылға да көңіл бөліне бастады. Су қоймасы жөнделді. Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің шатыры ауыстырылды. Енді Ақкөл орта мектебін жəне мəдениет үйін жөндеуге қаржы бөлдірсеңіз, ауылдық дəрігерлік амбулаториясына жедел жəрдем көлігін алуға ықпал етсеңіз» — деп ауыл тұрғындарының өтінішін жеткізді. Ал, ауыл қариясы Бостандық Темірбеков ауыл мен Тараз қаласы арасында қоғамдық көлік жүргізуге ықпал етуін сұрады.

  • Ақкөл бұрын аудан орталығы болған. Кейін оған көңіл бөлінбей қалып еді. Енді мəн беріле бастады. Сіздердің айтқан ұсыныстарыңызды қарап, шешуге тырысамыз. Бұдан былай Ақкөлге көңіл бөлінетін болады. Əркім өз ауласына қарап, тал-дарақ отырғызып, үй іргесіндегі жер телімдерін игеруі керек өз отбасы үшін, — деді Бердібек Машбекұлы.
    Содан кейін, ауыл іргесіндегі Ақкөл каналының жұмысымен де танысты. Бұрын бұл каналдардан 1345 гектар егістік ылғалдандырылыпты. Қазіргі таңда ұзындығы 23 километрден аса каналдың науасын ауыстыру керек екен. Бүгінгі таңда каналдан суарылатын жердің бар болғаны 551 гектары ғана ылғалдандырылуда. Канал науасының бұзылған тұстарын қайта қалпына келтіру үшін 1,5 миллиард теңге қажет.
    «Бекен»шаруа қожалығының жетекшісі Нұржапар Исахметов Ақкөл су қоймасының жөнделуі арқылы егіс алқаптарын ылғалдандырып отырғанын жеткізді.
  • 1,5 мың гектар егістік деген аз жер емес. Оны тиімді пайдалануымыз керек. Бұл каналды қайта қалпына келтіру үшін республикадан қаржы сұрайтын боламыз. Мал азығын дайындауға барынша мəн берген дұрыс. Жоңышқадан екі-үш орым алуға болады. Негізінен шаруашылықтарға су үнемдеу технологиясын енгізбей болмайды, — деді облыс əкімі. Бұдан кейін облыс əкімі Қызылəуіт ауылында болып, «Еламан» жəне «Кəусар» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, демеушілердің күшімен салынған спорт кешені мен моншаны көріп, ауыл тұрғындарымен кездесті.
    Одан кейін, «К.Оязбекұлы» атындағы «Көктал» ЖШС егіс алқабымен танысты. Серіктестік қарамағында 300 гектар жоңышқа алқабы бар. Серіктестік директоры Берік Қасымовтың айтуынша, шаруашылық ол алқаптан қолдағы 5 мың ұсақ мал мен 300 бас сиырдың азығын осы арадан жинап алады екен. Биыл қосымша сүт фермасын салуды жоспарлауда.
    Сондай-ақ, онда өнертапқыш, жас ғалым Дəулет Егембердиев Талас ауданынан 60 гектар жер алып биомелиорантты пайдаланып тұзды құнарсыз жерлерді қалпына келтіру барысындағы жұмысымен, басқа да жобаларымен таныстырды. Жас өнертапқыштың жобасы Бердібек Машбекұлын да қызықтырмай қоймады. Сапар соңында облыс əкімі тағы да таластық шаруаларға, шаруашылықтарға су үнемдеу технологиясын енгізіп, осы бағытта жұмысты жандандыруды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

About DevTeam

Check Also

1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес береді

Қазақстандықтар енді әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын …

Добавить комментарий