Home / Аймақ / «Керемет» демалыс орны ашылды

«Керемет» демалыс орны ашылды

Шағын қалаларды дамытуда қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар нәтиже беруде. Соның аясында қаламыздағы қараусыз қалған біраз нысанның жұмысы жанданып келеді. Әсіресе, кәсіп бастап, еңбек етемін деген жанға барлық мүмкіншіліктер жасалуда.
Көптен бері бос тұрған нысанды жеке кәсіпкер Салтанат Бөлтірікова қолға алып, «Керемет» атты демалыс орнын ашты. Ашылу салтанатына алғаш болып сөз алған аудан әкімі Қанатбек Мәдібек : «Нысан қала жұртшылығына жағымды жаңалық болмақ. Жаздың қазіргідей шіліңгір ыстығында қала тұрғындары мен қонақтары үшін мұның лайықты демалыс орны болатынына сенеміз», — дей келіп, іске береке тіледі.

  • Мен анамның бастамасын қолдап, халыққа демалыс орнын ашуды жөн деп санадым. Бұл жерде екі бассейн орналасқан. Біреуі балаларға арналған ені 6 метр, ұзындығы 12 метр, ал, тереңдігі 70. Екіншісі ересектерге арналған ені 12 метр, ұзындығы 24 метр, тереңдігі 1,5 метрді құрайды,- деген Руслан Туляев бассейнде санитарлық тазалықтың сақталатындығын, суында арнайы фильтр мен душ та орнатылғанын жеткізді.
    Сонымен қатар, мұнда балалар да, ересектер де бірге демалатын, тіпті отбасымен келіп шомылып, тамақтанып тынығуға болатындығын айтты.

About DevTeam

Check Also

1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес береді

Қазақстандықтар енді әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын …

Добавить комментарий