Home / Аймақ / Таластық өнімдер Таразда саудаланды

Таластық өнімдер Таразда саудаланды

Нарбол Қашаған, «TALAS tynysy».

Өткен сенбіде Тараз қаласында ауыл
шаруашылық өнімдерінің жәркеңкесі
өтті. Онда аудандардағы шаруа
қожалықтары жергілікті тұрғындарға өз
өнімдерін нарық құнынан анағұрлым төмен
бағада ұсынды.
Жалпы, «Грант» базарында ұйымдастырылған жәрмеңкеге таластық шаруалар 200 келі, сиыр, 200 келі жылқы, 200 келі қой етімен қатар, жұмыртқа және сүт өнімдерін жеткізді. Сондай-ақ, үшаралдық «Талас-2020» ауыл шаруашылық кооперативі жылы­жайда өсірілген 500 келі қияр өнімдерін сауда сөрелеріне қойды.
Табиғи таза өнімдерге қа­ла жұртшылығының сұранысы жоғары болды. Бұл туралы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубай: — Әкелінген өнімдер нарықтағыдан 15-20 пайызға ар­зан сатылды. Мәселен, қияр 350 теңгеден ұсынылды. Бұл жо­лы тараздықтарға Аққұм, Ақкөл, Қаратау, Кеңес, Үшарал ауыл­дық округіне қарасты шаруа қожалықтарының өнімдері сауда­ланды. Тауарларымыздың дені түске дейін өтіп кетті. Мұның алдында 1-мамыр мерекесінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге де қатысқан едік. Ойдағыдай өтті. Алдағы уақытта да табиғи таза және бағасы тиімді өнімдерімізбен қала тұрғындарының көңілінен шы­ғатын боламыз,-деп жауап берді.

About DevTeam

Check Also

Кәсіп тәжірибемен кеңейеді

Жалпы, кәсіпкерлікті түбегейлі жақсарту және оңың өрісін кеңейту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру- …

Добавить комментарий