Home / Аймақ / Ортақ Жеңіске үлес қосқандар

Ортақ Жеңіске үлес қосқандар

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жауын­герлеріміз от пен оқтың ортасында толарсақтан қан кешсе, тыл еңбеккерлері де өз тарапынан Жеңіс күнін жақындату үшін уақытпен санаспай тер төкті.
Осынау ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас балалар да ересектермен бірдей еңбек етті.
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек осындай жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, ол кісілерді Ұлы мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.
Олардың қатарында Жұмаділда Үйсінбаев, Қатша Олжабаева, Айсара Джанабилова және ғасырдан астам ғұмыр кешкен Назымкүл Шакирова да бар.
Өз кезегінде ардагерлер аудан басшысына ыстық ықыласы мен жылы лебізіне өздерінің ризашылықтарын білдірді.

About DevTeam

Check Also

Кәсіп тәжірибемен кеңейеді

Жалпы, кәсіпкерлікті түбегейлі жақсарту және оңың өрісін кеңейту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру- …

Добавить комментарий