Home / Аймақ / Майдангерлерге мың тағзым!

Майдангерлерге мың тағзым!

«Tt» — ақпарат».

Ұлы Отан соғысы
жылдарында неміс
басқыншыларына
қарсы таластықтар
да ерлікпен
шайқасып,
қаһармандық пен
қайсарлықтың нағыз
үлгісін көрсетті.

Ауданнан аттанған үш мыңнан аса азамат оқ пен оттың ортасында жүріп, же­ңісті жақындатуға өз үлес­терін қосты. Олардың қатарында полк басқарған, гвардия полковнигі Сымық Бертаев, батальон басқарған, гвардия майоры Рәтай Сұлтанбеков, рота командирі Тұрымқұл Мақашев, Кеңес Одағының батырлары Амантай Дәулетбеков және Сәду Шәкіров болды.
9 мамыр-Жеңіс күніне орай, ел қорғаған ерлерді ес­ке алу үшін қала жұртшылы­ғы «Даңқ» мәңгілік алау мону­ментіне жиылып, май­дан­герлерге тағзым етті.
Отан үшін от кешкен қаһармандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәң­гілік алау монументіне гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ, бұл күні «Жеңіс» ав­токеруені қала кө­шеле­рінен жүріп өтсе, ор­талық алаңда Ұлбике ақын атындағы мәде­ниет ор­талығының ұйымдасты­руы­мен мерекелік концерт берілді.

About DevTeam

Check Also

Кәсіп тәжірибемен кеңейеді

Жалпы, кәсіпкерлікті түбегейлі жақсарту және оңың өрісін кеңейту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру- …

Добавить комментарий