Home / Қоғам және заң / Рәміздерім — мақтанышым

Рәміздерім — мақтанышым

Рәміздерді сөз еткенде «ұлттық» сөзі ойға оралады. Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық сана… Қай рәмізді алсақ та, ұлттық нақыштан аспаған. Тудың түсі, қалықтаған қыран бейнесі, жарқыраған күн мен одан сәуледей таралған 32 шуақ, тігінен салынған ою-өрнек, бәрі-бәрі бір-бірімен астасқанда ұлттық көрінісімізден бірден хабар береді. Елдіктің нышаны саналатын Елтаңба ассоциациясы да ерекше. Шаңырақ, қанатты пырақ, жұлдыз бір-бірімен үйлесім тапқан.
Қандай ел болмасын өз рәміздерімен, заң-жарлықтарымен мақтанады. Алайда, оның тереңіне бармай, құр мақтану – ұят. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Күн – жарқын болашақтың, күннен та­раған әр шапағат, шуақтың – молшылық пен аманшылықтың белгісі. Дала қыраны – кеңдік пен зеректікті білдіреді. Дала адамдары үшін бұл азаттық, тәуелсіздікке, мақсатқа, биікке, болашаққа ұм­тылудың символы. Оюлар қазақы элементтің бірден-бір көрінісі.
Елтаңба авторы – Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Шаңырақ қазақ ұғымындағы ең қасиетті де қадірлі символ. Жақсылыққа алғыс ретінде де «шаңырағың биік болсын», «шаңырағың шайқалмасын» сынды тіркестер қолданылатыны белгілі. Бір шаңырақтың астында бірнеше ұлттың тату-тәтті ғұмыр кешуі де көптің қолынан келе бермейді. Қанатты қос пырақ – қазақ санасындағы ертеден келе жатқан қиял. Бұл жерде де еркіндік, егемендікті ерекше айтқысы келген болуы керек. Елтаңбаның жоғарысында тұрған жұлдыздың да өзіне тән кең ұғымы бар. Қазақта «жұлдызың жансын», «жұлдызың жарқырасын» деген тіркестердің де бары да белгілі.
Әнұранның авторын әр қазақ жатқа білуі шарт. Сөзін жазған Елбасымыз Н.Назарбаев пен Ж.Нәжімеденов. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Туған елдің бар болмысынан, тарихынан көрініс беретін бұл әннің әні мен сөзі әдемі үйлесіп, күллі қазақтың кеуде кернеп айтатын әнұранына айналғаны да қазақ деп жүрегі соққан әр азамат үшін айтары көп.
Әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қа­зақстан Республикасының рә­міз­дері туралы түсініктерін қа­­лып­тастыру, оларды Отан­сүй­гіштікке, адамгершілікке, Ота­ны­на, халқына адал қызмет ету­ге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұ­ранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу бар­шамызға ортақ міндет екенін естен шы­ғармауымыз қажет.
Ж.Абильдаева,
Тамды ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.

About DevTeam

Check Also

Жемқорлыққа жаза қатал

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі- парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара …

Добавить комментарий