Home / Аймақ / Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін халық көп жиналатын супермаркеттер мен кафелерде санитарлық нормалардың, карантин талаптарының сақталуы жіті қадағалануда және аталмыш ережелерді бұзғандарға ескерту беріліп, айыппұл салынды.

Атап айтар болсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен жеке кәсіпкерлік нысандарында жұмыс істейтіндер мен жеке тұлғаларға жалпы 479 220 теңгеге 11 айыппұл салынды. Оның ішінде 7 материал бетперделік тәртіпті сақтамау бойынша болса, 4 материал шектеуден тыс адам жинап, әлеуметтік қашықтық сақтамастан отбасылық іс-шара өткізгені үшін салынды.
Рейдтік шараларға аудан әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев пен Қаратау қаласының әкімі Мақсат Рысбаев та қатысып, жоғарыдағы мекемелердің жағдайын бақылап қайтты. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан да мекеме иелеріне коронавирус инфекциясының қаупі сейілмегендігі, карантиндік шараларды қатаң сақтау қажет екендігі түсіндірілді.
Ауданда құрылған мониторингтік топтардың рейдтік тексеру нәтижесінде аудандық полиция қызметінен 2021 жылдың 1 қаңтар мен 7 сәуір аралығында анықталған карантиндік шараларды бұзу фактілері бойынша басқармаға 13 құжат келіп түскен. Оның 11-і жергілікті полиция қызметінен, 2-і Үйлестіру орталығынан. Үйлестіру кеңесінен түскен 2 құжат қаралу үстінде.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About DevTeam

Check Also

Өнерлі жігіттер бақ сынады

«Tt»-ақпарат». «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Орталық саябақта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Кіл мықтылар бақ …

Добавить комментарий