Home / Аймақ / Жұмыс жүйелі жүргізілуде

Жұмыс жүйелі жүргізілуде

Кеселі көпке тиген қауіпті індетке қарсы тұру үшін аудан халқы екпе алудың ма­ңыздылығын ұғынып, кезең-кезеңімен жүр­гізіліп жатқан екпеге белсене қатысуда.
Талас ауданы орталық ауруханасында қарсы көрсетілімдері жоқ, 18 жастан асқан 365 адам­ға коронавирусқа қарсы екпенің 1-компоненті және 140 адамға 2-компоненті салынды.
Екпе салдырған тұлғалардың ішінде 248 медицина қызметкері, 34 мұғалім, 3 аймақтық полиция қызметкері, 1 студент және 6 мемлекеттік қызметкер мен 73 басқа да азаматтар бар.
Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе­нің 1 және 2 – компонентін егу жұмыс­та­ры биологиялық қауіпсіздік шараларын сақ­тай отырып жүзеге асырылады. Екпенің 1-ком­поненті емхананың бірінші қабатында са­лынады. Екпе салдырушы тұлға арнайы ұйым­дастырылған дәрігерлік қарау бөлмесінен өткен соң екпе салынатын бөлмеде қабылдап, одан соң 30 минут бойы арнайы бақылайтын бөлмеде қарауда болады. Екпенің екінші компоненті бөлек, емхананың екінші қабатында салынады. Оған да арнайы 3 бөлме ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, емхана базасында салына­тын екпенің жүктемесі күніне 60 адамнан аспайтындықтан, шалғай елді мекендердің тұрғындары арасында егу жұмыстарын жүр­гізу мақсатында жылжымалы егу кабинетін ұйымдастыру жоспарлануда.
1-компонентін алған тұлғалар үшін арнайы жаднама жасалынып, екпе сал­дырған әрбір тұлғаға беріледі. Сондай-ақ, ем­хананың ақпарат бұрыштарында екпе жайлы көрнекі құралдар орналастырылған.
2021 жылдың соңына дейін Талас ауданы тұрғындарының 60%-на екпе салу жос­пар­лануда. Қазіргі таңда ауданға 1 және 2-ком­поненттен 400 доза екпе әкелінді.
Талас ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі.

About DevTeam

Check Also

Өнерлі жігіттер бақ сынады

«Tt»-ақпарат». «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Орталық саябақта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Кіл мықтылар бақ …

Добавить комментарий