Home / Аймақ / Балық ресурстарын уылдырық шашу кезеңінде сақтайық

Балық ресурстарын уылдырық шашу кезеңінде сақтайық

ҚР «Жануарлар дүниесiн қор­ғау, өсiмiн молайту және пай­далану туралы» Заңының 39-бабы 5-тармағының 3-тар­мақ­шасына сәйкес тиісті биоло­гиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін мер­­зімдерде және орындарда қыс­қы кезеңде балықтардың қыс­­тайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уыл­дырық ша­шатын жерлерде және өзге де учаскелерде балық аулауға тыйым салынады. ҚР Ауыл ша­руашылығы министрінің мін­де­тін атқарушының 2015 жыл­ғы 27 ақпандағы №18-04/148 санды бұйрығымен бекітілген «Балық аулау қағидасын» қатаң сақтауға шақырамыз.
Осы мақсатта Жамбыл облысының аумағында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде аулауға рұқсат бермейді. Шу-Талас облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының 2021 ж. 3 наурыздағы №198 бұйрығына сәйкесбалық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде: 1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құйма­ларында 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы аралықта; 2) Шу — Талас бассейнінің басқа су ай­дындарында 15 сәуірден 31 ма­мырды қоса алғандағы аралық­та балық аулауға тыйым салынған.
Балықтарды аулауға тыйым салынған кезеңде аула­ған аза­маттар Қазақстан Республи­ка­сының «Әкімшілік құқық бұ­зу­­шы­лық туралы» кодексімен көз­дел­ген баптарымен айып­талады.
Облысымыздың балық шаруа­шылығының дамуына жанашыр бо­лайық, балық ресурстарының уыл­дырық шашуына кедергі бол­майық, қаскөйлікке жол бермейік, АҒАЙЫН.

Ж.Усипберлиев,
Шу-Талас облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы.

About DevTeam

Check Also

Өнерлі жігіттер бақ сынады

«Tt»-ақпарат». «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Орталық саябақта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Кіл мықтылар бақ …

Добавить комментарий