Home / Аймақ / Мүгедектерге мүмкіндік жасау — міндет

Мүгедектерге мүмкіндік жасау — міндет

Индира Еркінқызы, «Talas tyntsy».

«Nur Otan» парииясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық­ты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында ілкімді істер қолға алынуда.
Бағдарлама шеңберінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар­дың жүріп- тұруымен кез-келген мекемеге келіп кетуін, кіріп — шы­ғуын қамтама­сыз етуді қолдауға бағытталған бірқатар жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Аталмыш бағдарламаның ауданымызда жүзеге асуын бақы­лау мен жүктелген міндеттерді таныстыру үшін облыстық зерде­леу тобының мамандары қаламыздағы бірқатар мекемелерді аралады.
Зерделеу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бейімдеу жұмыстарында бірқатар кемшіліктердің бар екендігі анықталды. Тек, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында барлық мүмкіндік жасалған­дығы белгілі болды. Бұл жөнінде қорытынды жиында сөз алған облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев кеңінен баяндады.

  • Кемшіліктерді қалыпқа келтіру үшін қаражат қажет екендігі белгілі. Сол үшін мекеме басшылары тез арада сметалық құжат дайындап, қаржы көзін қарастырулары керек. Бұл баршамызға ортақ іс болғандықтан қаржыландыру заңды болып табылады, — деді. Өз кезегінде сөйлеген еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон коми­теті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Зура Джуматаева қаржы бөліне тұра мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүмкіндік жасамаған мекеме басшыларына қомақты сомадағы айыппұл салынатындығын тілге тиек етті.
    Ал, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла­малар бөлімінің басшысы Есенгелді Малкайдаров: «Аудан бойынша 1665 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оның 1100-і арнайы қызмет алады. Қалған 555 адам өз еркімен жүріп тұрады»,-дей келіп, қиын тағдыр иелеріне қолдау көрсету азаматтық іс екендігін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

About DevTeam

Check Also

Өнерлі жігіттер бақ сынады

«Tt»-ақпарат». «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Орталық саябақта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Кіл мықтылар бақ …

Добавить комментарий