Home / Аймақ / Жер кадастры — мәліметтер жүйесі

Жер кадастры — мәліметтер жүйесі

Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі.

Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тіркеу және жер кадастры бөлімінің негізгі міндеттері:

  • Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі саласындағы қызмет, сонымен қатар жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын жылжымайтын мүлік объектілеріне салық салу үшін оны бағалау;
  • Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу;
  • Заңды тұлғаларды тіркеу;
  • Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалып­тастыру;
  • Жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақ зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақ бағалауды жүргізуді қамтитын жердің сапасын есепке алу:
  • Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер саның, жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы кадастрының басқа да субъектілерін есепке алу; жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құның анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендердің жер телімі үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффиценттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтар шекараларының сызбаларын жасау; жер телімі үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты есеп мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өңдірісіндегі шығындарды анықтау;
  • Жер телімдері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз тасығышта және электронды түрде жинақтау, өңдеу және жүргізу;
  • Мемлекеттік жер кадастрының авто­маттандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу;
  • Жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу;
  • Жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу;
  • Жер телімдеріне сәйкестендіру құжатта­рын жасау және беру;
  • Жер –кадастрлық жоспарды дайындау;
  • Жер телімдеріне кадастрлық нөмірлер беру;
  • Жер телімдеріне төлқұжаттар дайындау;
  • Жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бір­ліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қоры жерінің шекараларын белгілеу;
  • Жер пайдалануды қалыптастыру жөнің­дегі жобаларды, бүлінген жерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекеттік меншігіндегі жерден жер телімдерін ұсынған кезде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу;
  • Мемлекет меншігіндегі және ауыл ша­руа­шылығы өңдірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер телімдері бойынша шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
  • Жерге түгендеу жүргізу;
  • Ғимараттардың, құрылыстардың жә­не (немесе) олардың құрамдастарын бастапқы және кейінгі тексеру, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдастарына кадастрлық нөмер беру;
  • Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыру;
  • Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету;
  • Бағалау қызметі туралы заңнамаға сәй­кес кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерін салық салу үшін міндетті бағалау.

Таңнұр Қапсаланов,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Талас аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы,
аудандық мәслихаттың депутаты.

About DevTeam

Check Also

Өнерлі жігіттер бақ сынады

«Tt»-ақпарат». «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Орталық саябақта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Кіл мықтылар бақ …

Добавить комментарий