Home / Аймақ / Ерліктері ұрпаққа үлгі

Ерліктері ұрпаққа үлгі

1989 жылдың 15 ақпан күні Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағынан шығарылды. 1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізуге шешім шығарылды. Осы ойранды он жылда Қазақстаннан бұл майданға 22 мыңнан астам жауынгер тартылды. Оның 889-ы қазаға ұшырап, 30-ы хабар-ошарсыз кетті. 3 мыңнан астам қазақстандық Ауған соғысынан мүгедек болып оралды.
Кеңес әсерлерінің Ауған жері­нен шығарылғанына биыл 32 жыл. Ананы баласынан, баланы әкесінен, жасты арманынан айырған соғыстың жарасы әлі жазылған жоқ. Отан алдындағы борышына адал жауынгерлердің көзсіз ерліктері тарих беттерінде таңбаланып қалды. Батырларды ұрпаққа үлгі ету- бүгінгі буынның міндеті.
Осыған орай аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ауған асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлеріне арналған көрме-бұрышы ұйымдастырылды. Көрмені көруге келген А.Пушкин атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қазақ жауынгерлерінің ерліктері жайында мәліметтерге қанықты. Бұл күннің маңыздылығын танытатын шаралар білім беру мекемелерінде де жалғасын тапты.
№ 2 Қаратау колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Серік Тапаевтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясын­да «Ауған соғысы» атты тақырыпта ауған соғысының ардагер­лері­мен кездесу өтті. Шараға қанды қырғында қайсарлық танытқан жерлестеріміз Ауған соғысының ардагерлері Сәкен Есқараев, Талғат Сәрсеков шақырылды.
Отты жылдар жайында естеліктерімен бөліскен Сәкен Талғат Сәрсеков:-Бұрнағы жылдары көбейіп басқосушы едік, енді міне қатарымыз да азайып келеді. Майдангерлердің рухына тағзым ету- біздің міндет. Олар Отанды қорғаудың нағыз үлгісін көрсетті. Жастарымыз да аға буынның ерліктерін үлгі тұтып, еліннің патриоты болсын,-деді.

About DevTeam

Check Also

Өнерлі жігіттер бақ сынады

«Tt»-ақпарат». «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Орталық саябақта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Кіл мықтылар бақ …

Добавить комментарий