Home / Аймақ / Сайлауға дайындық қызу жүруде

Сайлауға дайындық қызу жүруде

2021 жылдың 10 қаңтары
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
мен мәслихаттар
депутаттарының
сайлауы күні екені
мәлім. Міне, осы
сайлауға дайындық
еліміз бойынша, соның
ішінде, ауданымызды да
қызу жүруде.

Осыған орай аудан әкімі Бақыт Қазанбасов пен аудан әкімінің орынбасары Төрехан Қойлыбаев ауылдық округтерді аралап, сайлау учаскелерінің дайындық жұмысымен танысты.
Бұл сапарды Ақкөл ауылдық округінен бастаған аудан басшысы №388 сайлау учаскесі орналасқан Ақкөл тірек мектебінен бастап, ондағы жұмыс барысын екшеледі. Сайлау учаскесінің төрайымы Роза Жұматаева дайындық жұмыстарын бастап кеткендерін, алда әлі де қыруар жұмыстар күтіп тұрғанынан мағлұмат беріп, учаске ішімен таныстырды.
Сайлауға байланысты керек-жарақтарды мұқият тексерген Бақыт Алпысбайұлы жақын күндері облыстан арнайы жасақталған топ келіп, осы дайындық жұмысымен танысатынын ескертіп, дауыс беретін кабина, қоқыс тастайтын жәшік, қол жуғыш және алфавиттер кестесінің әлі дайындалмағанына реніш білдірді. Одан әрі камера, медпункт, әжетхана мен мектептің сыртқы тазалығын жіті тексеріп шыққан аудан басшысы Ақкөл ауылдық округінің әкімі Абзал Тлеубаевқа кем-кетік жерлерді тез арада ретке келтіріп, тазалықты естен шығармау керектігін қатаң тапсырды.
Келесі кезекте осы ауылдағы Ы.Алтынсарин орта мектебіндегі №389 сайлау учаскесінде болып, сайлау учаскесінің төрайымы Гүлмира Ратова учаске жұмысымен таныстыра жүріп, әжетханада сеп­тиктің жұмыс істемей тұрғанын және судың жоқтығын айтып өтті.
Аудан әкімі бұл кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіріп, комиссия мүшелері отыратын кабинеттер мен керекті құрал-жабдықтарды да дайындап қоюды қатаң тапсырды.
Ат басын Қызыләуіт ауылына бұрып, Мыңатай Қыстаубайұлы атында­ғы мектепке орналасқан №403 сайлау учаскесінде болып, сайлау учаскесінің төрағасы Ержан Мырзамбет пен ауыл әкімі Бажан Бекетаевқа, Үшарал ауылындағы №396 сайлау учаскесінің төрағасы Ерғали Тілеубердиев пен ауыл округінің әкімі Рахымжан Айтуовқа да бірқатар тапсырмалар берді.
Ал, осы округке қарасты Қайыр ауылының Абай атындағы негізгі мектебіндегі №397 сайлау учаскесінде болған аудан басшысы әжетханада судың жоқтығын ескертіп, мектеп ғимаратының ескіргенін, оны жаңарту жолдарын айтып, пікір алмасты.
Бұл күні Кеңес ауылдық округіне қарасты Көшек батыр ауылындағы №395, Бөлтірік шешен ауылындағы №394, Сейілбек ауылындағы №401, Ойық ауылындағы №399 және №402 сайлау учаскелерінде де болған Бақыт Алпысбайұлы кемшіліктерді баса көрсетіп, алда атқарылатын жұмыстарды нақтылап түсіндірді.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий