«Тt»-ақпарат».
Қараша айының орта шенінде
табиғат тосын мінез танытты.
Көпшілік күтпеген бұл аяз қыс
қамына даярсыз адамдарға сынақ
болды. Сол күндері расын айталық,
«Таза-Талас» мекемесі тынымсыз
жұмыс үстінде жүрді.
Бет қарыр ызғарда осы мекеме тарапынан 5 арнайы техника 40 жұмысшының көмегімен жерді ақ ұлпадан аршыды. Бұл күндері қала көшелеріне 75 текше метр құм мен тұз себілді.
Бұл жайында «Таза-Талас» мекемесі директорының орынбасары Ғабит Жантас: -Рас, күтпеген жағдай болды. Әрдайым ауа райына құлақ асып отырамыз. Оған әркез дайынбаз. Бірақ, қалың қар түскен күні «Самал» биігінен Көктал ауылына дейінгі аралықты және қала көшелерін қардан аршыдық. Алдағы уақытта да осы сынды сынаққа дайынбыз,-дейді.
Апат айтып келмейді. Біз де маманның айтқан сөзіне сенеміз.