Home / Аймақ / Жарылыстар, өрттер, өлімдер…

Жарылыстар, өрттер, өлімдер…

тек биылғы күзде облысымызда 54 адам улы газдан уланып, оның төртеуі қаза тапты

Евгений РАУ
Күз айының соңы Тараз қаласы және облыс тұрғындарының үйішілік газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қағидаларын бұзуынан болатын, көптеген жазатайым оқиғалар кезеңіне айналды.

Сонымен, 2020 жылдың 24 қарашасында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласы, Шалғай Карасу алқабы, Әбдиев көшесі, 291 (жобалау учаскесі-191) мекен-жайы бойынша жарылыс болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнын тексеру нәтижесінде филиал мамандары жылыту қазандығының газбен жабдықтауға қосылмағанын, желдеткіш каналы шүберекпен жабылғанын анықтады.
Жарылыс болжаммен төрт қыздырғышты газ плитасы орнатылған ас үй бөлмесінде болған. Адам шығыны жоқ, зардап шеккен бала күйік алып ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, үйді газдандыру өзге мекеме күшімен жүргізілген.»ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы тарапынан газ тасымалдау жүйесіне қосылуға дайындық актісі берілмеген. Жарылыс болуының болжалды себебі – Филиалдың газ пайдалану қызметі қызметкерлерінің рұқсатынсыз және олардың қатысуысыз газбен жабдықтауға өз бетімен қосылу және тұрмыста газ пайдалану талаптарын бұзу. Бұл жағдайда ешкім қайтыс болған жоқ, бірақ бұл сәттілік деп есептеуге болады.
Жақында Меркі ауданының «Плодовоягодный» ауылында алты адамнан тұратын отбасы улы газбен уланып, олардың екеуі оқиға орнында қайтыс болды. Қалғандарын, бақытымызға орай, дәрігерлер құтқара алды.
Қайғылы оқиғаның себебі мұржасы ажыратылған жылыту пешін пайдалану болды. Бұл «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға» сәйкес келмейді; өз бетінше газ жабдығын орнату (газбен қосылатын су жылытқыш)және жобаға сәйкес келмейтін, газ жабдығын өз бетінше қайта орнату. Сонымен қатар, үйішілік газ жабдығын орналастырылған бөлмеде желдету арнасы болған жоқ, яғни бұл жағдайда адамдардың өлімі сөзсіз.
Тағы бір қайғылы оқиға Байзақ ауданының Бурыл ауылында орын алды. Онда 61 және 63 жастағы ер адам мен әйел адам қаза тапты. Оқиғаның себептері анықталуда, бірақ әдетте мұндай жағдайлар түтін мұржасында тарту және желдету болмаған кезде газ аспаптарын пайдалану, газ пайдаланатын аспаптар тұрған бөлмелерде ұйықтау және демалу; газ жабдығын өз бетінше қосу немесе қайта орнату және т.б. болып табылады. Ал, газ аспаптарын қауіпсіз пайдаланудың қарапайым ережелерін сақтау, біздің азаматтарымыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін еді.
Мысалы: өткен аптада Меркі ауылында ұйықтайтын бөлмеге газ каминін орнатқан ерлі-зайыптылар (54 және 51 жас) бір өлімнен қалды. Шамасы, интерьер сұлулығы мен жылуы үшін орнатқан болар. Бұл жағдайда, каминде тартылыс болмаған. Ауруханадан оралғаннан кейін ерлі-зайыптылар үйлеріне көгілдір отын, барлық бұзушылықтар жойылғаннан кейін ғана жеткізілетінін біліп, ашуланды. Олар газды дереу, каминге жіберуін талап етті. Бұл қандай да бір өзін-өзі өлімге итермелеу ме?! Өкінішке орай, күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану ережелеріне осындай көзқарас үнемі кездеседі.
Тоғызыншы қазанда Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылында төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде бір жасар сәби улы газбен уланды. Барлығы тірі қалды, зардап шеккендер уақытында (кездейсоқ) табылып, қажетті көмек көрсетілді. Төтенше жағдай себебі — техникалық бұзушылықтар: алмалы сақиналы газ пешіне, (УГОП-16)жылыту жанарғысы орнатылған, жылыту пешінің ішіндегі түтіндік арнасы күйдірілген кірпішпен жабылған, түтіндік бес құдықтан жасалған.
Қордай ауданы, Степное ауылында екі адам үйінде газ-ауа қоспасы жарылуынан қатты күйік алған. Себебі, олар төрт қыздырғышты газ плитасын бақылаусыз/қараусыз қалдырған.
19 қарашада Тараз қаласында Плеханов көшесі, 20 мекен-жайы бойынша орташа ауырлықты улы газ­бен жаппай улану оқиғасы орын алды. Мұнда жеті адам, оның ішінде екі бала зардап шекті. Жылыту құралдары үйдің дәлізінде орнатылып, үй-жайдың көлемі қауіп­сіздік талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Темірден жасалған түтін шығаратын құбыр техникалық бұзушылықтармен орнатылған.
Қыс әлі басталған жоқ, ал оқиғалар тізімі қазірдің өзін­де қорқынышты. Осы күзде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының деректері бойынша 22 төтенше жағ­дай орын алды, онда 57 адам зардап шекті, оның ішінде: 54 адам (оның ішінде 15 бала) улы газбен уланып, оның төртеуі қаза болды. Газ-ауа қоспасының жарылуынан үш адам, оның ішінде бір бала күйік алды.
Айта кететін жағдай, жоғарыда айтылғандардың бәрі тіркелген жағдайлар. Көптеген жағдайларда жеңіл дәрежеде уланған адамдар өз бетінше үйлерінде емделеді және бас ауруы, шаршау, жүрек айну,бас айналуға көп көңіл бөлмейді. Мұның бәрі үйде желдетудің және түтін пешіндегі тартылыс нашар екендігінің белгілері. Қауіпсіздік ережелерін елемеу бүгін немесе ертең қайғылы жағдайға әкелетіні әбден мүмкін.
Сондай-ақ, ТҰРҒЫН-ҮЙ ИЕСІ үйішілік газ жабдығын, желдету жүйесінің және мұржалардың тазалығына ЖАУАП БЕРЕТІНІН есте ұстаған жөн. Алайда, бұл туралы ойлар біздің тұрғындарымыздың санасына аурухананың жан-сақтау бөлімінде немесе қайтыс болған бауырларын зиратқа шығарып салған кезде ғана келеді.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий