Home / Аймақ / Отбасы – тәрбие бесігі

Отбасы – тәрбие бесігі

«Тt»-ақпарат».

Аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай
Әбсадықұлының ұйымдастыруымен «Отбасы-
мемлекеттің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы бала тәрбиесіндегі отбасының алар орны туралы айта келіп:
-Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Кімнің де болса туған үйінің жылуы- оның бойында мәңгілікке қалады.
Отанға деген ыстық сезім — жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктің бастауы, осы отбасы.
Десек те, қазіргі таңда отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері де көп көтеріліп жүр,- деп сөз кезегін аудандық соттың судьясы Ләйла Дүкенбаеваға берді.
-Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бала тәрбиесі назардан тыс қалғаны жасырын емес. Күнкөріс жағдайымен ата-аналар үйден безіп, сауда-саттық жасап кеткенде үйдегі балалар қараусыз қалды. Міне, осы кезеңнен бастап, біз тәрбие тізгінін қолдан шығарып алдық-деп өз сөзін бастаған судья шет елдерде заңға қайшы әрекеттер жасалатынын, біздің жас ұрпақ соларға еліктеп, теріс жолға түсетінін, биылдың өзінде ауданымызда 75 некенің бұзылғанын, сөзде құн, қасиет қалмағанын айтып, зорлық-зомбылық мәселесіне де тоқталды.
Осы жерде билер кеңесінің төрағасы еліміз ажырасу жағынан әлемде 2- орында екенін, бұрын солтүстік өңірде неке бұзылу көп болған болса, енді оңтүстікте де бұл мәселе қазіргі таңда өршіп тұрғанын жеткізді.
Аудан әкімдігінің бас инспекторы, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Гүлмира Қалықұлова да өз ойын ортаға салды.
-«Отбасылық сот» жобасын іске асыру мақсатында құрылған комиссия ауданда тараптарды сотқа дейін татуластыру мақсатында балалармен психологиялық жұмыс барысында бірқатар жұмыстар атқарды. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 12 отбасылық жұп татуласып, соттағы арыздарын қайтарып алды,- деп атқарылған басқа да жұмыстар жөнінде мәліметтер берді.
Аудандық билер кеңесінің мүшесі Медет Құдайбергенов соңғы кезде «отағасы» деген атты алып жүре алмайтын ер адамдардың көбейіп кеткенін, олардың ұсақталып бара жатқандығы, бір отбасын ұйыстыра алмайтындары тілге тиек етсе, жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Тәттібаев пен білім бөлімі жанындағы қамқоршылық кеңестің мүшесі Алтынай Тапелова да осы тақырыпта бірқатар тұщымды пікірлерімен бөлісті.

About DevTeam

Check Also

Есей би

Ел арасында фольклорлық мұралармен, ақын – жыршылар – мен бірге ел қорғаны болған батырлар, ел …

Добавить комментарий