Home / Саясат / Әлеуметтік көмек жүйелі жүргізіледі

Әлеуметтік көмек жүйелі жүргізіледі

Үкімет «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын әзірлеп, жұмыссыздардың білімі мен біліктілігін арттырып, еліміздегі бұл көрсеткішті барынша қысқартуға тырысып-ақ келеді. Аталған бағдарлама аймақ-аймақтарда жүзеге асырылып, оң нәтижесін беруде.

Аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында Жаңа нысандағы әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту тақырыбында жиын өтті. Оған облыстық, аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының қызметкерлері, мұғалімдер, ауыл тұрғындары мен көпбалалы аналар қатысты. Кездесуді Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Темірбек Көпбаев ашып, жүргізіп отырды.

«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы  қабылданды. Заңда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан (бүгінде — 40%) төмен болған жағдайда отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу көзделген болатын. Облыс әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының» бөлім басшысы Запира Медетова «Егерде отбасының  жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болса, онда мемлекет 18 жасқа дейінгі әрбір балаға 2383 теңгеден  төлейді. 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар табыстары есепке алынбай, арнайы мемлекеттік жәрдемақысын алып отырады дей келе Запира Жұрымбайқызы шартты және шартсыз әлеуметтік көмектің мақсатын  жан-жақты түсіндіріп берді. Бұдан кейін сөз алған облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Марал Ділдәбекова жұмыссыз жүрген азаматтарды техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ететін жаппай кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін бағдарламаның үш бағыты туралы хабардар етті. «Бұл бағыт кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Яғни, жұмыссыз азаматтарға микрокредиттер алуға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға өз ісін ашуға қолдау көрсетеді. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі» (тұрақты жұмысқа орналастыру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары тағы басқа),-деп осы үш бағыт бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарын еңбек етуге шақырды.

Жиын барысында Көкжелек ауылының тұрғыны А.Жусанбаева, күміс алқа иегері атанған көп балалы аналар  көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды.

 Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,

«Мойынқұм таңы».

Суретті түсірген А.ӘЛТАЙ.

About DevTeam

Check Also

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған …

Добавить комментарий