Home / Газет тарихы

Газет тарихы

«Талас тынысы» газеті туралы мәлімет

«Талас тынысы» газеті 1934 жылдың 1-қазанынан бері шығып келеді.
Газеттің 85 жылға жуық тарихы бар, көзқарасы қалыптасқан басылым. Ең алғаш 1934-1936 жылдары «Жұмысшы» атауымен оқырманға жол тарқан басылым әр жылдары «Колхозшы» (1936-1938 ж.ж.), «Екпінді колхозшы» (1938-1959 ж.ж.), «Ленин жолы» ( 1959-1991 ж.ж.) деген атпен үздіксіз жарық көріп, аймақ жаңалықтарын жариялап тұрды. Тек ел Тәуелсіздігін алған 1991 жылы «Талас тынысы» деп өзгертілді.
«Талас тынысы» газеті оқырманның талғамына сай тақырып алуандығы мен көпшілік көкейіндегі өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырған емес. «Талас тынысы»-аймақтың айнасы. Сондықтан, оның сапасы мен мазмұндылығы редакция үшін қашан да маңызды. Заман талабына лайықталған газет қазіргі таңда түрлі-түсті 2D форматымен аптасына 2 рет, сейсенбі-жұма күндері жарық көреді. Газеттің бас редакторы Дүйсен Молдақұлов.