Home / Аймақ / Асыраушы саладағы ауқымды істер

Асыраушы саладағы ауқымды істер

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy».

Ауданда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. «Достық» алаңында «Ауыл аманаты» жобасы аясында окугтерде құрылған ауыл шаруашылылық кооперативтерінің жаңа техникалары қойылды.
Онымен танысқан аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков нәсібін кәсіптен айырған шаруалармен тілдесіп, алға қойған жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, елімізде құрастырылған ауыл шаруашылығы техникаларын ұсынуымен айналысатын «KazKioti» ЖШС-нің өкілі Әли Амангелдіұлы техникалы болудың жолдары мен көрсетілетін жеңілдіктер туралы айтып берді.
Жалпы ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылға 18,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Егістік алқабы 14,2 гектарға ұлғайған. Шаруа қожалықтары 71 жаңа техникаға қол жеткізген. Үстіміздегі жылы Аққұм, Ақкөл, Берікқара, С.Шәкіров ауылдық округтері «Ауыл аманаты» жобасына енгізіліп, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында өткен салтанатты шарада аудан әкімі табысын адал еңбектен айырған шаруаларды төл мерекесімен құттықтады.
-Ауданда төрт түлік малдық басы артып келеді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Әулие-Ата» несие серіктестігінің «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде 10 жоба мақұлданып, 172 млн. теңге несие берілді. Бөлінген қаражатқа 1953 бас уақ мал, 116 бас жылқы сатып алынды. «Кең дала» несиелік бағдарламасы аясында 12,1 млн. теңге қаржы алынды.
Алдағы жылға Қызыләуіт, Кеңес, Тамды, Қаратау, Қасқабұлақ және Көктал ауылдық округтерін «Ауыл аманаты» жобасына енгізу жоспарланып отыр.
Құрметті сала қызметкерлері, сіздер қажырлы еңбектеріңізбен еліміздің экономикасын дамытуы­мен қатар, әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына қомақты үлес қосып келесіздер. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз қашан да үлкен құрметке лайық,- деген аудан әкімі бір топ ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың төрағасы Қадірбек Садубаев мереке иелеріне ауданның Құрмет грамотасын табыстады.
Сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арнап Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының әртістері концерттік бағдарламасын ұсынды.

About DevTeam

Check Also

Таласцы открывают свое дело благодаря госгрантам

Мадина Тапаева, «TALAS tynysy». В прошлом году в рамках реализации Национального проекта по развитию предпринимательства …

Добавить комментарий