Home / Аймақ / Жұмыссызға қолдау көп

Жұмыссызға қолдау көп

Индира Еркінқызы, «Talas tynysy».
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильді орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Талас ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 1055 жұмыссыз тіркелген. Оның 93 азамат жастар тәжірибесі­мен, 1 азамат «ұрпақтар» келісім шарты бойынша, 30 азамат қысқа мерзімді оқумен, 30 азамат алғашқы жұмыс орнымен тіркелсе, 30 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, кәсіппен айналысуда. 351 азамат ақылы төлемді қоғамдық жұмыспен қамтылған, 124 азамат жұмысынан айырылған азаматтар­ға төленетін жәрдемақы алып отыр, 33 азамат «Күміс жас» жобасына жолданған. Уақытша жұмыс орындарына жол­дан­баған 363 жұмыссыз азаматқа жұмыс берушілер тарапы­нан түскен бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыстар жүргізілуде.
Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілердің назарына мансаптық орталық қызметкерлері күнделікті сайтқа жүктелген бос жұмыс орындарымен таныстырып, «Жамбыл Недр» ЖШС-гі өздеріне қажетті сегіз мамандық бойынша аталған мекемеде оқыту жүргізіп жатқандығын хабарлады.
Сонымен қатар, бүгінгі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 12 мекемеден тұрақты айлық жалақысы бар 38 жұмыс орны ұсынылды.

About DevTeam

Check Also

Таласцы открывают свое дело благодаря госгрантам

Мадина Тапаева, «TALAS tynysy». В прошлом году в рамках реализации Национального проекта по развитию предпринимательства …

Добавить комментарий