Home / Аймақ / Шахматшылар бақ сынаған турнир

Шахматшылар бақ сынаған турнир

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy».
Барыс Есдәулетұлын аймақ жұртшылығы Борис деп таниды, солай атайды да. Алғашқы болып, аудан орталығынан тіс емханасын ашып, ем іздеген талай науқасқа шипасын тигізген абзал жанның мәңгілік мекенге аттанғанына да жылдан асты.
Жалпы Барыс Есдәулетұлы жоғары санатты дәрігер, ісіне жетік білікті маман ғана емес, ойлылар ойыны саналатын шахматтан түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарған спортшы да болатын. Кейінгі жылдары аудандағы шахмат федерациясын басқарып, турнирлер ұйымдастырды. Талабы бар шәкіттерді тартып, тәрбиелей білді. Жақсының ізі жоғалмайды. Абзал ағаның алдын көріп, ойынның қыр-сырын меңгерген кешегі балалардың бірқатары қазір жаттықтырушы болып, артылған үмітті ақтап келеді.
Өткен аптада марқұмның жұбайы Мария Ахметова мен артында қалған ұлдары­ның, сонымен қатар «Фос­форит-Шәріп» қорының ұйымдас­тыруымен ауданның Құрметті азаматы Барыс Есдәулетұлын еске алуға арналған шахматтан облыстық ашық турнир өтті.
Шараның ашылу салта­на­тында сөз алған аудан әкі­мінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова, аудан­дық арда­гер­лер кеңесінің тө­рағасы Жұмабек Әсемов, универ­ситетте бірге оқып, қатар жүріп араласқан Тынысбек Кенбаев марқұм­ның кісілік келбеті мен адамгершілік қасиеттеріне тоқталды.
Салтанатты рәсімнен соң Барыс Есдәулетұлының рухы­на дұға бағыштап, дәм берілді.
Аудандық орталық кітапха­наның оқу залында Тараз қаласы, Сарысу, Байзақ, Жуалы, Меркі аудандарынан кел­ген спортшылармен қатар, жер­гілікті ойыншылар бас қосты. Бә­секеге түскен 35 шахматшының арасында жарыстарға қатысып, шыңдалған жастар да, тәжірибесі мол аға буын өкілдері де болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айтқазы Баймурзин төрешілік жасаған турнирде жас ерек­шелігіне шек қойылған жоқ. Кей кездесулерде жасы үлкен­дермен бақ сынаған балғын спорт­шылардың бәсі басым болса, кейде ардагер ойыншылардың әдіс-тәсілі озып жатты. Дегенмен Швецариялық жүйемен өткі­зілген жарыс барысында тараз­дық шахматшылардың ойын шеберлігін айта кетуіміз керек. .
Екі күнге созылған турнир қо­рытындысы бойын­ша 1-орынды тараздық Телбай Садықов ие­лен­се, 2-орынға меркілік Тынысбек Кенбаев тұрақтады. Ал, об­лыс орталығынан келген жас шах­матшы Бибісара Айбылайқызы үздік үштікті түйіндеді.
Сонымен қатар марапаттау рәсімінде үздік ойын көрсеткен ардагер мен жас шахматшылардың есімдері аталды. Тұғыр биігінен көрінген спортшылар мен ойын өрнегімен ерекшеленген шахматшыларға ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Одан бөлек, өзге ауданнан келіп турнир көрігін қыздырған балғын спортшыларға арнайы сыйлықтар берілді.
Жарыс соңында Мария Ахметова, ардагер спортшы бақыт Сарыбаев, Жаухар Дәуренбекова бағын сынаған барлық спортшыларға ри­зашылығын білдірді.

About DevTeam

Check Also

Таласцы открывают свое дело благодаря госгрантам

Мадина Тапаева, «TALAS tynysy». В прошлом году в рамках реализации Национального проекта по развитию предпринимательства …

Добавить комментарий