Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арнаған Жолдауында: — Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады»,- деген болатын. Бұл орайда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жүктеген міндеті зор. Өзінің табанды еңбегі мен тынымсыз қамқорлығының арқасында талай жанға жылуын төгіп, өмірге деген құштарлығын арттырып отырған аяулы жандардың жұмысы шын мәнінде жауапкершілікке толы.
№6 Талас аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының ұжымы өздеріне артылған міндеттің салмағын жақсы түсенді. Ашылғанына көп болма қоймаса да қазір аудандағы қалыптасқан іргелі мекемеге айналып үлгерді. Мұнда негізінен өмірі қиын жағдайға ұшыраған, буыны бекімей жатып тағдыр талайын тартқан жандар қызмет алады. Ал оларға қоғамның бір мүшесі екенін дәлелдеп, құлшынысын арттыру, мейірім төгу оңай емес. Оған тек орталықта бірге жұмыс атқарып жүрген мекеме қызметкерлері ғана қанық. Мекемедегі өткізілген әрбір іс-шараның маңызы бөлек, берер тәрбиесі терең. Мұны мекеме директоры Жалын Баймаханов қызметкерлердің есіне әрдайым салып отырады. Соңғы төрт айдың өзінде «Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы», «Қайырымдылық жылы жүректен», «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» сынды мерекелік шаралар өткізіліп, қызмет алушылардың көңілін қанаттандырды. Орталықтың тағылымдық шараларды тамашалап қана қойған жоқ, жоғары дейгейде өтуіне атсалысып, өз мүмкіндіктерін ортаға салды.
Бұдан бөлек орталықтың ұйымдастыруымен қызмет алушылар Түркістан облысына сапарлап, киелі орындарды аралап қайтты. Алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылығын білдіруде. Сәтін салса, қызмет алушылар үшін тағылымы бөлек мұндай сапар алдағы уақыттарда да жалғасатын болады. Біз айтып отырған шаралар орталықтағы өткізілетін кештерді бір парасы ғана. Алда талай мереке бар. Оған да дайындықты ерте бастан бастаймыз. Айтпағымыз ол емес. Әр шара мекемедегі қызмет алушыларға ерекше әсер, жоғары көңіл-күй сыйлайды. Содан болар ондағылар мұндай күндерді асыға күтеді. Бізді де қуантатыны осы. Арнаған еңбек далаға кетпесе дейміз. Әрбір жанға қуаныш, жылу сыйлай білсек, жұмысымыз текке кетпегені.
Дүние есігін ашқан соң адам қандай болмасын-ол қоғамның мүшесі. Кемшілік көрмеуі тиіс. Қамқорлық көріп, мейірімді сезініп өскен жан ертең қайырымды азамат қалыптасады. Әрбір ісі қызмет алушылармен біте қайнасып кеткен орталықтағы қызметкерлердің бас ұстанымы да осы.
Шырайлым Дүйсенәліқызы,
орталықтың мәдени ұйымдастырушысы.