Home / Аймақ / Әскери есеп жаңа форматта жүзеге асырылады

Әскери есеп жаңа форматта жүзеге асырылады

Әскери есеп жүргізу 8 қарашадан бастап жаңа форматқа көшеді. Қазахстан Республикасының Қарулы Күштерінің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізуге мүмкіндік берді.
Жаңа форматтың арқасында, тұрақты тұратын жерін ауыстырған кезде әскери комиссариаттарға немесе ХҚКО-ға жүгірудің қажеті жоқ. Мекен-жайы өзгерген кезде сіздің әскери есебіңіз автоматты түрде өзгертіледі. Әскери қызмет өткермеген, оның ішінде 27 жасқа толған адамдарға бұдан былай әскери билеттерді алу үшін жүгінудің қажеті жоқ. Оларға әскери билеттер берілмейді. Оның орнына әскери міндеттіліктің мәртебесі, оның әскери есебі «e-gov» жеке кабинетінде көрсетіледі.
Жұмысқа орналасу кезінде енді әскери қызметке қатысты анықтамалар алу үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Сіздің жұмыс берушіңіз бұл ақпаратты «e-gov»-та өз бетінше көре алады. Сонымен қатар шетелге тұрақты тұруға барған кезде әскери комиссариаттардан бас тартудың қажеті жоқ. Жергілікті әскери басқару органдары қажетті ақпаратты көші-қон қызметіне береді.
Енді бұрынғыша мемлекеттен жеңілдіктер алу үшін растайтын анықтамалар алу үшін әскери комиссариаттарға барудың қажеті жоқ. Біз бұл ақпаратты сұраныс кезінде Еңбек министрлігіне береміз.
Ең негізгі өзгерістердің бірі- 17 жастағы балаларға енді жеке істі жинап, әскери комиссариатқа тіркелу үшін келудің қажеті жоқ, бұл процес толығымен жойылды. Тіркеу жүйелердегі қолда бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар зейнеткерлікке шықпас бұрын әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама алу үшін әскери комиссариаттарға жүгінудің қажеті жоқ. Қажетті ақпарат зейнетақы төлемдерін есептеу жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Егер «e-gov» -тағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе немесе жоқ болса әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ,. Сіз «e-gov» -тан тікелей растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мәліметтерді түзету үшін өтініш бере аласыз.
Инновациялар Мемлекет басшысының «Көрінбейтін Үкімет» «Invisible Government» құру туралы талаптарына толық сәйкес келеді және Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен қамтамасыз етілген интеграциялық өзара іс-қимылының арқасында қолжетімді болды.
Р.Мустафаев,
Қаратау қаласының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімінің бастығы,
подполковник.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий