«Tt» — ақпарат».
Байзақ ауданында волейболдан облыс чемпионаты өтті. Аталмыш бәсекеге Әбдіманап Қадырбеков жаттықтыратын қыздар командасы қатысып, лайықты ойын — өрнектерімен көзге түсті.
Құрамында Мереке Шагирова мен Гаухар Нұрғалиева сынды ардагер спортшылар өнер көрсеткен біздің құрама сапында команда капитаны Майра Батырханова, Әмина Жомартқызы, Дильназ Ерімбетова, Аружан Ержанқызы және Диана Төленбай тек Тараз қаласының командасын ғана алға жіберіп, жүлделі екінші орынды еншіледі.
Кездесулер барысында қыздарымыз қарқынды шабуылымен, үздік қорғанысымен ерекшеленді. Оның барысында жас әріптестеріне тәжірибесі мол ардагер волейболшыларымыздың ықпал еткені анық.