Home / Аймақ / Алаяқтардан абай болайық!

Алаяқтардан абай болайық!

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтай­лы пайдаланып жүр­ген алаяқтардың әдіс — тә­сілдері күн сайын өзге­ріп, уақыт талабынан олар да қалыс қалмай жаңарып келеді. Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жал­ған интернет хабарлан­дырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады.
Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу ар­қылы жасалатын қылмыс­тар екенін көбіміз естіп біліп жүрміз.
Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең қауіпті мәселесіне айналды. Қо­лында компьютер, смарт­фон, планшеті бар кез — келген адам ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құр­банына оңай айналуда.
Тұрғындарды интернет алаяқтарынан сақтандыру үшін ескерту ретінде көрнекі-ақпарат құралдары пайдаланылып, әлеуметтік желілерге көптеп посттар жарияланғанымен зардап шегушілер қатары азаймай тұр. Әсіресе, ересек жастағы азаматтар мен қарт кісілер көп зардап шегуде. Банк қызметкерімін деп хабарласқан кез – келген адаммен сөйлесіп, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырамыз.

Қаратау қалалық әкімінің аппараты.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий