Home / Аймақ / Ұрлықтың алдын алайық

Ұрлықтың алдын алайық

1) Мүліктерді (велосипедтер, коляс­калар, микротолқындық және духовой пештерді, тоназытқыштар, көлік бөлшектері, құрылыс материалдары, үй заттары және тағы басқа мүліктерді) қараусыз подъездерде, есік алдында, көше бойында, жертөлелерде, қалдырып кетпеулеріңізді;
2) Пәтерлер, жер үйлер, шаруа қожалықтар, дүкендер, кеңселер, сауда — саттық орталықтары, жеке кәсіп мекемелері, аталған объек­ті­лерін қараусыз қалдырмаулары­ңызды, бейнебақылау камералары, да­былдатқыштар және тағы басқа ұрлықтардың алдын алуға бағытталған құралда­рын орнатуларыңызды, қүзетшілерге (қарауыл, таныстар, көршілер, туыстар) тапсырып кетулеріңізді;
3) Малдардың мал жайылы­мында қараусыз, қадағалаусыз қалдырмауларыңды сұраймыз.
Сонымен қатар малдардың қараусыз жайылуы тек мал ұрлығына әкеп соқпайды, сонымен қатар, қараусыз малдар автокөлік жолдарына шығуына байланысты, жол-көлік оқиғаларына себепші болып, соның салдардынан адам­ның денсау­лығына зардаптар, жарақаттар әкеліп, одан бөлек кісі өлімімен ұштасып жатқан жәйт аз емес. Сондықтан мал шаруа­шылығымен айналысатын аудан тұрғындарынан малдарын қараусыз қалдырмауға, бақылаусыз жайылуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.
Малды сатып алған бетте, оның анықтамасы бар жоқтығын біліп, содан анықтамасы болған жағдайда ғана сатып алуларыңызды, ал анықтамасы болмаған сәтте оларды таңбалап, чип еңгізіп, анықтамасын алуларыңыз керек. себебі мал жануарларын немесе ет-сүт өнім­дерін анықтамаларысыз, заңсыз тасымалдау ҚР ӘҚБтК-нің 406 — бабына сәйкес айыппұл салынады.
Б.МАХАМБЕТОВ,
Талас АПБ бастығы,
полиция полковнигі.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий