Home / Аймақ / МӘС жүргізу тәртібі

МӘС жүргізу тәртібі

МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды көзбе-көз тексеру, организм функцияларының бұзылу мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі басшысының немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.
МӘС сырттай проактивті форматта жүргізуге сараптамалық қызметтер көрсету үшін келісімшарт негізінде МӘС тәуелсіз сарапшылары тартылады.
МӘС бөлімінің және/немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің отырыстарын өткізу барысы аудио бейнежазба құралдарын пайдалана отырып белгіленеді. Аудио бейнежазбалардың деректері МӘС жүргізілген күннен бастап кемінде 4 (төрт) ай сақталады.
Аудио бейнежазбаның көшірмелері талқылау және шешімдер қабылдау процесінің жазбаларын қоспағанда, куәландырылатын адамның (заңды тұлғаның) сұрау салуы бойынша беріледі.
МӘС сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі (бұдан әрі – жіктеме), сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.
МӘС жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілігі санаттарының бірінің (өзін-өзі күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбек қабілеті), оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас, өз мінез-құлқын қадағалау, ойын және танымдық қызмет, белсенді қозғалыс қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
Сараптамалық қорытынды:
1) жүгінген күні;
2) МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген кезде жүгінген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шығарылады. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі консультациялық қорытынды шығарады, ол МӘС бөлімі сараптамалық қорытынды шығару кезінде есепке алынады.
Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөліміне келмесе, МӘС бөлімі оныншы жұмыс күні алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындыға сәйкес және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысын ескере отырып сараптамалық қорытынды шығарады.
3) Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде МӘС актісі жобасы МӘС эксаумақтық сарапшыларына түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. МӘС актісі жобасының 16.00-ден кейін түскен жағдайда, сараптамалық шешім шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Көзбе-көз куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісуімен үйде, стационарда, ал куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген кезде сырттай, №031/е нысаны бойынша ДКК ұсынысы негізінде жүргізіледі. Сырттай куәландырылған (қайта куәландырылған) кезде №031/е нысанды куәландырылатын адамның орналасқан жері бойынша өңірдің медициналық ұйымы ресімдейді.
Сырттай мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бір жылдан аспайтын мерзімге бір рет айқындалады.
№031/е нысаны негізсіз ресімделген жағдайда (организмнің жай-күйін және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін кешенді бағалау үшін деректердің болмауы) көзбе-көз куәландыру кезінде МӘС бөлімі тексерудің және ұсынылған медициналық құжаттарды талдау деректерінің негізінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне және пациентті жіберген медициналық ұйымға № 031/е нысанының көшірмесін қоса бере отырып хабарлайды, бұл туралы МӘС актісінде және № 031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасында жазба жасалады.
МӘС жүргізген кезде диагнозы мен функционалдық бұзылыстардың дәрежесін нақтылауды талап ететін дау тудыратын сараптамалық мәселелерді шешу үшін МӘС әдіснамасы мен бақылау бөлімдерінің отырысына консультанттар (кардиологтар, онкологтар, офтальмологтар, педиатрлар, психологтар және басқа да бейінді мамандар) шақырылады.
Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу күні:
1) куәландырылатын адамның және/немесе оның заңды өкілінің МӘС бөліміне жүгінген күні;
2) сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде, «МОДБ» ААЖ-да МӘС актісі жобасы түзілген күн болып есептеледі.
Б.Айтқалиева,
№4 МӘС бөлімінің бас маманы.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий