Home / Аймақ / Тұрғындар тілегі тасада қалмайды

Тұрғындар тілегі тасада қалмайды

Ернар Әбдіразақ, «Talas tynysy».
Апта басында ауданға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров келіп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, аудан азаматтарын жеке және қоғамдық мәселелер бойынша қабылдады.
Мұқаш Зұлқарнайұлы алдымен «Қазфосфат» ЖШС «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінде болып, еңбек ұжымымен жүздесті. Мәжіліс депутаты өз сөзінде парламентте атқарылып жатқан жұмыстар мен заңдағы өзгерістер, жаңашылдықтар жайында баяндай келе:

  • Талас ауданына іс-сапар жасаудағы басты мақсат – аудан халқының тыныс-тіршілігімен танысып, мұң-мұқтажын тыңдау. Түйінді мәселелерді республикалық деңгейде қозғап, оң шешімін табуға атсалысу. Сондықтан кө­кейлеріңізде жүрген сауалдар мен талап-тілектеріңіз болса, ашық әңгімелесуге шақырамын, — деді.
    Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылары мәжіліс депутатына көкейкесті сауалдарын қойып, ұсыныс — тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпорын басшысы Құдияр Омаров өндіріс ошағында атқарылып жатқан жұмыстар мен қызметкерлердің жалақылары, техникалық қауіпсіздік жайында баяндады.
    Халық қалаулысы мұнан соң “Amanat” партиясының ау­дан­дық филиалы ғима­ра­тында азаматтарға жеке қабыл­дау өт­кізді. Тұрғындардың талап — ті­лектерін мұ­қият тыңдап, көтерілген барлық сұрақ­тар тікелей назарында болатынын жеткізді.
    Сонымен қатар, Мұқаш Зұлқарнайұлы Қаратау қаласын­дағы А.Байтұрсынұлы атындағы көшеде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұ­мыстарын бағамдады. Жауапты ма­мандарға жол сапасы мен мердігер компанияның жұ­мысы басты назар­да болуын тапсырды. Сондай-ақ, аталмыш көше бойынан «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспа­налы болған көпбалалы отбасын қоныстоймен құттықтап, шаңырақ­тарына береке тіледі.
    Мұқаш Ескендіров жұмыс са­па­ры барысында құрылыс жұ­мыс­тары басталған «Karatau Che­mi­cals» пиросульфит өңдеу зауы­­тын көрді. Халық қалаулысы құ­ры­­лы­сы аяқталса 25,0 мың тонна пи­ро­сулфит­натрий өндіруге қуатты зауыт ау­дан экономикасының едәуір өсуі­не себеп болатынын жеткізді.
    Мұнан соң Мәжіліс депутаты Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекендеріне ішкі кварталдық газ тарту желісінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауыл­дық округтердегі инфрақұрылым­ды дамыту­дың ма­ңыздылығына тоқталып, жауапты бөлім басшыларына бірқатар тап­сырмалар берді.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий