ЖАДЫНАМА
прокуратураға азаматтардың жолданымдармен қайырылуы бойынша
Жолданымдар бойынша прокуратура органдарының қарауына жататын сұрақтар:
1) әр түрлі ерекшіліктермен өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;
2) құқықтар мен мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерді болғызбау мақсатында;
5) жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша;
7) Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша (ҚР «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағы).
Прокуратура органдарына жолданымдармен қайырылу жолдары:
- қолма-қол;
- пошта арқылы;
- «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы;
- Үкіметтің электрондық порталы арқылы.
Прокуратура органдарымен жолданымдарды қарау мерзімі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданымды қарау мерзімі ол прокуратура органдарына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
Мән-жайларды анықтау, сондай-ақ басқа да мекемелерден ақпарат алу қажет болған жағдайларда жолданымды қарау мерзімі екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Прокуратура органдарымен берілетін жауап:
Жолданымға берілетін жауап жолданым иесіне оның қабылданған шешімге шағым беру құқығы түсіндіріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасалып, мемлекеттік тілде немесе жолданым берілген тілде мазмұны жағынан негізделген және уәжделген болады.
Прокуратура органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау туралы:
Азаматтардың сенімін нығайту мақсатында Талас ауданының прокуратурасында кезекші прокурор мен аудан прокуроры, оның орынбасары жеке қабылдауды тұрақты түрде жұмыс күндері сағат 09.00-ден – 18.30-ға дейін жүзеге асырады.
Жеке қабылдау Талас ауданы прокуратурасының Қаратау қаласы, Ақшораев көшесі №3 үйдің ғимаратында жүзеге асырылады.
Талас ауданының прокуратурасы.