Home / Аймақ / Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп

Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп

Атақты ғалым, ақын Мәшһүр Жүсіпке осы жыл 165 жыл толып отыр. Осыған орай, философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу мақсатында Республиканың жалпы білім беру ұйымдары 8-11 сынып оқушыларының арасында аудандық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» атты байқауын өткізді. Бұл тартысты байқау 4 бағыт бойынша жүргізілді. Әрбір бағыт өте тартысты, әрі әділ өтті.
Оқушылар сайыс арқылы қазақтың біртуар ойшылының өмірімен тереңірек танысып, бойларына рухани білім ала алды.
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», бөлімінде қатысушы ұсынылған тақырыптың бірін таңдап,өз өлеңін оқыды.
Бұл бағыт бойынша жалпы 11 оқушы қатысты. Сол үміткерлердің ішінен Қойгелді атындағы орта мектебінің 10 сынып оқу­шы­сы Жарылқап Марғұлан бас жүлде иегері атанды.
Келесі бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы». Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы көркем ой, талғам мен түсінік, ұлттық танымның ерекшеліктерін, адамзат, ұлт руханиятындағы мәні­мен сабақтастыра отырып, ғылыми зерттеу жоба әзірлеу және оны қорғау.
Ал, бұл бағыт бойынша бақ сынаған 6 оқушының ішінен А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы Дамира Нұржанқызы бас жүлдені жеңіп алды.
3 бағыт – «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен». Ұлы баба шығармаларындағы ойларды кеңейтіп, ұлт тарихымен, ұлттық әдебиет мазмұнымен байланыстырып, эссе жазу. 16 оқушы эссе жазып, ішінен А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы Жансая Әлімбет бас жүлдеге ие болды.
Соңғы бағыт бойынша «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері». Қатысушыға «Хандар мен ел билеушілері», «Батырлар», «Әнші-ақындар», «Бақсы және тылсым күш иелері» жіктеулерінен бірін таңдап, қорғау ұсынылды. Сайыскерлер әр жіктеудің бірін таңдап, олар туралы қандай деректер келтіреді, қандай оқиға арқылы кейіпкерді ашады, оның қандай нұсқалары бар немесе неше нұсқасы бар деген сияқты мәліметтерді жинақтап талдады. Бұл кезеңнен сүрінбей өткен Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Арайлым Тағайбек бас жүлдеге лайық деп танылды.
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқулары» аудандық сайысында бас жүлдені иеленген оқушылар облыстық байқауға жолдама алды.
Дамира Төлеген,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы.
Қаратау қаласы

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий