«Tt» — ақпарат».
Қаратау құрылыс –техникалық колледжінде «Тарихы тереңе жатқан Қаратауыма,дәстүрі қалыптасқан колледжіме 60 жыл» атты облыстық ғылыми- практикалық семинар өтті.
Семинарға Тараз қаласындағы «Тараз темір жол көлік және коммуникация колледжі» мен аудандардағы кәсіптік білім беретін колледждердің оқытушылары мен басшылары, Қаратау құрылыс- техникалық колледжінің ардагер ұстаздары, Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов пен осы оқу орнымен әлеуметтік – әріптестік орнатқан бірқатар мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова сөз алып, қабырғасынан талай шәкіртті түлетіп, үлкен өмірге қанат қақтырған, бүгінде Қаратау қаласындағы іргелі оқу орнына айналған Қаратау құрылыс — техникалық колледж ұжымын 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Колледж қабырғасында өткен облыстық ғылыми- практикалық семинардың негізгі кезеңінде оқытушылар құрамы баяндамалар жасап, дәрістер оқыды, өзара тәжірбие алмасты. Шараның практикалық бөлімінде семинар қонақтары ауданның тарихи жерлеріне экскурсия жасады.
Check Also
Эффективная площадка для обмена опыта
«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …