Home / Аймақ / Ардагер ағалардың ізімен…

Ардагер ағалардың ізімен…

оқушылар тәжік-ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Мектеп — лицейде тәжік-ауған соғысының ардагерлерімен «Ағалардың ізімен» атты кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру.
Тарихта көмескіленіп келген тәжік-ауған соғысы туралы ақпа­рат өте аз. Кездесу барысын­да аталған соғысқа қатысқан ардагерлер сонда атқарған әскери қызметтері туралы тың естеліктермен бөлісті.
Кездесуге аудандағы тәжік-ауған соғысының ардагерлері – Темірлан Қасымбеков, Жарқынбек Балабеков және Данияр Сейдуанов арнайы шақырылды. Кездесу барысында ардагерлер тәжік-ауған соғысында бастарынан өткен оқиғаларынан сыр шертіп, оқушылармен еркін әңгімелесіп, кеңінен ой бөлісті. Кездесу соңы ардагерлер мен оқушылар арасындағы әңгіме-сұхбатқа ұласып, оқушылар ардагер ағаларынан қойған сұрақтарына тыңғылықты жауап алды деген сенімдеміз.
Патриоттық тәрбие – қоғам дамуының және жастар тәрбиесінің ажырамас бір бөлшегі. Сондықтан, өскелең ұрпақты өзінің елін, жерін, қасиетті Отанын жан-тәнімен сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу барлығымыз үшін де басты азаматтық парыз деп есептейміз.
Отанымыз аман, ел-жұртымыз тыныш болсын!
Бақыткүл Қасым,
мектеп — лицей кәсіптік бағдар беруші педагог.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий