Жаңатұрмыс негізгі мектебінде «Туған жерге тағзым-перзенттік парыз» тақырыбында мектебімізден түлеп ұшқан түлектермен кездесу өткізілді.
Кездесуге түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында мектебіміздің түлегі, қазіргі кезде Д.Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінің директоры Ғ.Алимханов және Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектебінің директоры Ғ.Орманова шақырылды.
Кездесуде түлектеріміз өмір жолынан әңгімелесіп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Мектеп ұстаздары мен оқушылары ән айтып,би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры А.Абзелбеков мектептің тыныс-тіршілігі, жетістіктерімен баяндама оқып, слайд арқылы таныстырды.
Кіндігі кесілген туған жеріне халқына қызмет ету, жақсылық жасау –ізгілікті іс. Әрбір түлектің атамекеніне, білім алған ошағының көркеюіне үлес қосқаны –азаматтық парызы. Мектеп түлектерінің осындай игі істері жас жеткіншектердің бойын жігерлендіріп, патриоттық сезімдерін оятып, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосқанын айтуға болады. Алдағы уақытта да, осындай игі іс-шаралар жалғасын таппақ…
Кездесу соңында естелікке суретке түсіп, сый-сияпат көрсетілді.
Майра Саукымбекова,
Жаңатұрмыс негізгі мектебі.
Тұрымқұл ауылы.