Home / Аймақ / Интернет алаяқтарынан абай болайық

Интернет алаяқтарынан абай болайық

Құрметті Талас ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Қазіргі таңда заманымызға сай жаңа заманауи қылмыстар пайда болып, олар көбеюде.Олардың бірі интернет алаяқтық қылмыстары. Бұл қылмыспен күресу жолдары­ның алғашқысы — алдын алу шаралары болып табылады. Яғни, көптеген себептермен алдау, арбау әрекеттері жүргізілуде.
мысал ретінде кез — келген банк қызметкерлеріміз деп өздерін таныстырып, Банктегі есеп шотыныз бұғатталады деген, банк мобильдік қосымшасына, (приложения) бекітілген абонент нөмерін ауыстыруға сұрау бердіңіз бе, несие рәсімдеуге сұрау жасадыңыз ба деген, сіздің атыңыздан алаяқтар несие рәсімдеп жатыр, оларға жол бермеу үшін өзіңіз онлайн несие рәсімдеп алдын алыңыз, келесі вирустық программалар (AnyDesk, Team Viewer т.б.) қосымшасын жазып алыңыз немесе осы қосымшалардың сілтемесін (ссылка) жіберіп, осы сілтемеге батырманы басып кіріңіз деген нұсқауларды орындамауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ Телеграм, Инстаг­рамм, Вконтакте, Одноклассники, WhatsApp сияқты т.б. интернет желісі арқылы ақша салсаңыз қомақты ақша табуға көмектесеміз деген чаттарға, интернет желісі арқылы өздеріңізге қажетті заттарға жаппай тапсырыстар жолдауда, яғни интернет ұсыныс қызметіне жүгіну кезінде сақ болуларыңызды сұраймыз. Келесі одан басқа да себептермен қоңырау шалып, полиция немесе прокуратура қызметкерлеріміз, қазіргі таңда сіздің атыңыздан алаяқтар несиелік операциялар жүргізуде, оларды ұстап құрықтауға көмек сұрау негізінде алаяқтақтық жолмен сіздерге нұсқаулық (инструкция) жүргізуі мүмкін.
Осыған байланысты алаяқ­тардың айласына түсіп қалмау үшін, алдын ала бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Біз әрқашанда тәуліктің кез келген уақытында көмек пен кеңес беруге дайынбыз.

Берік МАХАМБЕТОВ,
Талас АПБ бастығы, полиция полковнигі.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий