Home / Аймақ / Туристік алымды қабылдау және БКМ қолдану

Туристік алымды қабылдау және БКМ қолдану

Салық кодексінің 166 — бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақша­лай есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналарды (бұдан әрі – БКМ) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.
Ақшалай есеп айырысулар деп тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша және (немесе) Төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы қызметтер көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар түсініледі.
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-2) тармағына сәйкес мобильді төлемдер – электрондық нысанда дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, заңды тұлға ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның пайдасына тауар сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны, қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге бастамашылық жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер, штрих-кодты пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған мобильді қосымша немесе өзге жабдық (құрылғы) арқылы алынады.
Осылайша, туристік алымды қабылдау тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатумен байланысты болмағандықтан, БКМ қолдану бойынша міндеттеме салық заңнамасында белгіленбеген. Бұл ретте туристік алым қабылданған жағдайда БКМ-ны ерікті түрде қолдану да шектелмейді.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен барабар нығайта отырып және бухгалтерлік жазбаларда барлық операциялар мен оқиғалардың кө­рінісін көрсете отырып, бухгал­терлік есеп жүйесінде көрсетіледі.
Осылайша, туристік алымды қабылдау фактісі бастапқы құ­жатты ресімдеу арқылы бухгал­терлік есепте көрсетілуі керек. Кіріс кассалық ордерінің ныса­ны «бастапқы құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақс­тан Республикасы Қаржы минист­рінің 2012 жылғы 20 желтоқ­сандағы № 562 бұйрығымен бекітілген.

Б.Есбергенов,
Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

About DevTeam

Check Also

Эффективная площадка для обмена опыта

«Тt»-информ». В столице прошел VI республиканский форум сельских женщин «Роль сельских женщин в формировании приоритетов …

Добавить комментарий