Home / Аймақ / Ұлттық құндылықтар — тәрбие бастауы

Ұлттық құндылықтар — тәрбие бастауы

Д.Қонаев атындағы орта мектебінде ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жоспарына сәйкес 8 сынып оқушыларымен Кәмшат Оязбекова «Музей педагогикасы» жобасы аясындағы «Ұлттық құндылықтар — тәрбие бастауы!» тақырыбында музей сабағын жоғары деңгейде өткізді.
Кәмшат Керімбекқызы музей сабағын «Түндігіне қарлығаш ұя салған үй — қасиетті үй», — деп қазақ халқының ерекше баспанасы — киіз үй туралы мағлұмат беруден бастады.
Сынып оқушылары өз кезегінде, киіз үйдің атаулары туралы шығарма­шылық ізденіс жұмыстарын айтып өтті. Ұлттық құндылық­тардың бірі — сәбидің бесігін төрде тұрып тербеткені. Бақытын баласынан іздеген дана халқымыздың «Төрде тұрып, Түркі жұртын билесін» деген тәмсілді тілге тиек етуі сәтті шықты.
Даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен көрініс қойылды. Бауыржан Момышұлының атасы Имаш немересіне 3 ай толғанда, оны алғаш қолына алып, батасын берген сәтіндегі — сәбидің жүзін көрсетпейтін иба — әдебін қойылым арқылы жеткізуін — сынып оқушы­ларының жетістігіне баладық.
Көзі қарақты, өмірден түйгені мол Имаш атасының Бауыржанның қолына жас шыбық ұстатып: «Құрық деп берсем — құл болма, Шыбық деп берсем — шіл болма, Бәрінен де, шырағым, Баяны жоқ ұл болма!» деген баталы сөзінің қабыл болып, батылдық, адалдық және табандылық қасиеттерін және шешім қабылдаудағы сенімділігі мен темірдей тегеурінді тәртіпті ту көтерген ерен ерлігімен танылған Бауыржан Момышұлының — ерен тұлғасын оқушыларға танытқан Кәмшат Керімбекқызына айтар алғысымыз шексіз!
«Музей педагогикасы» жо­басының аясындағы му­зей сабағын ары қарай Талас ау­дандық тарихи — өлке­та­ну музейі­нің бөлім меңгеру­ші­сі Айнұр Сұлташева жалғастырды.
Ұлттық құндылықтарға негізделген, тағылымы терең музей сабағынан тәлім алған — білім алушылардың асыл арманы мен мақсат — мүддесі тоғысқан тұста, таңдау мен талғамның орны бөлек екендігін ұстанған білім ұясының педагог — психологі Дина Битенова «Мейірімділік» тақырыбындағы психологиялық тренингті талапқа сай жүргізді .
Сәуле Түменбаева,
Д.Қонаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

About DevTeam

Check Also

Сұлулар сынға түсті

Қаладағы Балалар өнер мектебінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен «Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті. …

Добавить комментарий