Home / Аймақ / Интернет алаяқтарынан абай болайық

Интернет алаяқтарынан абай болайық

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Сіздердің назарларыңызды қа­зіргі таңда заманымызға сай жаңа заманауи қылмыстар пайда бо­лып, олардың көбейіп жатқанына аударғымыз келеді. Солардың бірі- интернет алаяқтық қылмыстары.
Бұл қылмыспен күресу жол­дарының алғашқысы, алдын алу шаралары болып табылады. Қазіргі таңда әртүрлі себептермен алдау, арбау әрекеттері жүргізілуде.
Мысалы, өзін кез — келген банк қызметкеріміз деп таныстырып, банктегі есеп шотыңыз бұғатталды деген, банк мобильдік қосымшасына, яғни (приложения) бекітілген абонент нөмерін ауыстыруға сұрау бердіңіз бе, несие рәсімдеуге сұрау жасадыңыз ба деген, сіздің атыңыздан алаяқтар несие рәсім­деп жатыр, оларға жол бермеу үшін өзіңіз онлайн несие рәсімдеп алдын алыңыз, келесі вирустық программалар (Anydesk, Team Viewer т.б.) қосымшасын жазып алыңыз немесе осы қосымшалардың сілтемесін, яғни (ссылка) жіберіп, осы сілтемеге батырманы басып кіріңіз деген нұсқаулақтарды орындауларыңызды сұ­рай­мыз дейді. Сондай-ақ (Телеграм, инстаграмм сияқты т.б. интернет желісі арқылы ақша салсаңыз, қомақты ақша табуға көмектесеміз деген чаттарға, интернет желісі (OLX, колеса, крыша KZ, инстаграмм, ватсапп т.б.) арқылы өздеріңізге қажетті заттарға жаппай тапсырыстар жолдауда, яғни интернет ұсы­ныс қызметіне жүгіну кезінде сақ болуларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, басқа да се­бептермен қоңырау шалып, по­лиция немесе прокуратура қыз­меткеріміз, қазіргі таңда сіздің атыңыздан алаяқтар несиелік операциялар жүргізуде, оларды ұстап құрықтауға көмек сұрау негізінде алаяқтық жолмен сіздерге нұсқаулық, яғни (инструкция) жүргізуі мүмкін.
Осыған байланысты алаяқтардың айласына түсіп қалмау үшін, алдын ала бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Біз әрқашанда тәуліктің кез келген уақытында көмек пен кеңес беруге дайынбыз.
Е.Абаев,
Талас АПБ бастығының орынбасары,
полиция майоры.

About DevTeam

Check Also

Сұлулар сынға түсті

Қаладағы Балалар өнер мектебінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен «Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті. …

Добавить комментарий