Home / Аймақ / Сайлауға дайындық шаралары пысықталды

Сайлауға дайындық шаралары пысықталды

Мадина Жарас, «Talas tynysy».
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісі депутат­тарының кезектен тыс сайлауын 2023 жыл­ғы 19 наурыз­ға тағайындады.
Президент бұл туралы мәлімде­месінде: «Конститу­циялық реформа аясында саяси партия­ларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Атап айтқанда, партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді. Оның төменгі шегі төрт есе төмендеп, 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайды. Партиялардың әр аймақтағы өкілдерінің саны кемінде 600 адам болуға тиіс еді, ал қазір 200 адамға дейін төмендеді»,-деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай қазіргі таңда жергілікті жерлерде сайлауға дайындық шаралары пысықталуда. Сондай шараның бірі өткен сенбіде Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде өтті. Талас ауданының комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинар- тренингіне аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, округтік сайлау комиссиясының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары, учаскелік сайлау комиссия­ларының төрағалары мен хатшылары және мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депуттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізудің ерекшеліктері, сайлау заңнамасының жаңа енгізілімдері туралы баяндама жасады. Бұдан кейін облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Т. Жамалов, М.Сембеков, Е.Жапаров ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депут­таттығына канди­даттардың ұсынылу мен тіркелу тәртібі туралы, сайлаушылардың тізімін қалыптастыру ерекшеліктері туралы, сайлау процессін ақпа­рат­тандыру және сайлауалды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру туралы, сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммер­циялық емес ұйым­дарды аккредит­теудің кейбір мәселелері туралы түсіндір­ді. Сондай-ақ, округтік, учаскелік комис­сия мүшелерінің және байқаушылар мен сенімді өкілдердің міндеттері жайлы мағлұматтар берілді.

About DevTeam

Check Also

Сұлулар сынға түсті

Қаладағы Балалар өнер мектебінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен «Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті. …

Добавить комментарий