Home / Саясат / Шетелдік автокөліктерді заңдастыру іс-әрекеттерінің АЛГОРИТіМІ

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру іс-әрекеттерінің АЛГОРИТіМІ

  1. 2023 жылдың 23 қаңта­рынан Қазақстан Республи­касының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.
    Көрсетілген автокөліктер қандай жағдайларда 200 000 теңге алымын төлей отырып және утиль алымынан босатыла отырып, заңдастыруға жата­тын нақты өлшемшарттар белгіленген.
  • Біріншісі — көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек;
  • Екіншісі — іздеуде болмауы қажет;
  • Үшіншісі — басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болу тиіс;
  • Төртінші — кедендік тазартудан өту керек.
    Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде оң жақты басқару органдары бар автокөліктерге қолданылады.
    Бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жасы­на және экологиялық сыны­бына талаптар қойылмайды.
  1. Бұл жағдайда көлік иесі 4 құжатты ұсынуы керек:
    1) өтініш;
    2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    3) көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
    4) көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат (оларға: осы мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік жатады. Бұл ретте, азаматтық заңнамаға сәйкес берілген сенімхат, егер мұндай құқық сенімхатпен берілген жағдайда, көлік құралына меншік құқығын үшінші тұлғаға беру үшін негіз болып табылады).
  2. Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлік құралын Тараз қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пункті­не нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады.
    Салыстыруды Жамбыл облысы ПД сарапшы-криминалист жүргізеді
    Жоғарыда көрсетілген құ­жаттарды Тараз қаласы Төле би көшесі №198 мекен-жайында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына өткізу қажет.
    Көлік құралын тір­кеу сұрақтарымен 99-76-46 «қауырт желі» бойынша жұмыс ұйымдастырылған.

Жамбыл облысы полиция Департаменті.

Алгоритм
по легализации иностранных автомобилей

  1. С 23 января 2023 года будет осуществляться легализация иностранных автомобилей, ввезенных на территорию Республики Казахстан до 1 сентября 2022 года.
    Установлены конкретные критерии, в каких случаях автомобили подлежат легализации с уплатой ставки сбора в размере 200 000 тенге и освобождением от утильсбора.
  • Первое – автомобиль должен быть ввезен в страну до 1 сентября 2022 года;
  • Второе – не находиться в розыске;
  • Третье – снят с учета по месту прежней регистрации в другом государстве;
  • Четвертое – пройти таможенную очистку.
    Правила будут действовать до 1 июля 2023 года и распространяться на лег­ковые автомобили, малые, средние автобусы (с полной массой до 5 тонн) и небольшие грузовые автомо­били (с полной массой до 3,5 тонн), в том числе с правосторонним располо­жением органов управления.
    Требования по возрасту и экологическому классу к иностранным автомобилям, подлежащим первичной ре­гист­рации предъявляться не будут.
  1. При этом владелец дол­жен предоставить 4 доку­мен­та:
    1) заявление;
    2) документ, удостове­ряю­щий личность заявителя (для идентифи­кации личности);
    3) паспорт транспортного средства и (или) свидетельст­во о регистрации транспорт­ного средства;
    4) документ, подтверждающий право собственности на транспортное средство (к ним относятся: договора купли-продажи, мены, дарения или иной сделки об отчуждении этого имущества, свидетельство о праве на наследство. При этом, доверенность, выданная в соответствии с гражданским законодательством, будет являться основанием для передачи право собственности на транспортное средство третьему лицу, в случае если такое право предоставлено доверенностью).
  2. После подачи заявления и документов транспортное средство представляется на пункт осмотра в СЦОН г.Тараз для сверки номерных агрегатов.
    Сверка будет проводиться экспертом-криминалистом органов внутренних дел.
    Вышеуказанные документы необходимо сдать в СЦОН г.Тараз по улице Толе би, 198.
    По возникшим вопросам регистрации автомобиля звонить на телефон «горячей линии»: 99-76-46.

Департамент полиции Жамбылской области.

About DevTeam

Check Also

Алтын құрсақ аналар марапатталды

«Tt» — ақпарат». Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков көп­балалы аналарды қабылдап, мемлекеттік наградаларды тапсырды. Сіздерді қоғамдағы …

Добавить комментарий