Home / Аймақ / Дойбышыларымыз ешкімге дес бермеді

Дойбышыларымыз ешкімге дес бермеді

«Tt — ақпарат».

Желтоқсан айының басында Байзақ ауданында Жамбыл облыстық «Ғажайып дойбы» атты 64 шаршылы дойбы түрінен дүбірлі жарыс өтті.
Облысымыздың үздік дойбышылары жиналған бәсекеде жерлестеріміз Берік Пшанов пен Жаухар Дәуренбекованың шәкірттері бұл жолы да өздерінің бәсі басым, шын мықты екендіктерін дәлелдеді.
Бұған дейін де әртүрлі деңгейдегі жарыстарда өздерінің шеберліктерімен ерекшеленіп жүрген жерлестеріміз қарсыластарының барлығын қапы қалдырды.
Соның нәтижесінде, белгілі жаттықтыру­шыларымыздың шәкірттері 2005-2007 жылдары, 2008-2010 жылдары және 2011-2013 жылдары туылған жасөспірімдер аралығындағы үш топта да қарсыластарынан басым түсіп, 1-ші орынды иемденді.
Сөйтіп, жерлестеріміз командалық есепте де бас бәйгені жеңіп алды.

About DevTeam

Check Also

Сұлулар сынға түсті

Қаладағы Балалар өнер мектебінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен «Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті. …

Добавить комментарий