Алда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Көп қабатты үйлер мен мекемелерге жылу беріліп, жеке үй секторлары да үйлерін жылытуды қолға алды.
Осыған орай 2022 – 2023 жылғы жылыту маусымын қауіпсіз өткізу барысында аудан аумағындағы тұрғын үй секторлары мен көп қабатты үйлер тұрғындары келеңсіз жағдайлардың алдын алғаны абзал. «Пәле қайда деменіз – аяқ астында» — дейді халқымыз. Өміріміз өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз жөн.
Осы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция бөлімі қызметкерлері және аудандық ЖАО газ шаруашылығы еріктілері бірлесіп, аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Үйімізді жылыту мақсатымен газ, отынды пайдаланғанда, сақтық шараларын ұмытпайық, ағайын.
Алмаз Мелдеев,
аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты.
Check Also
В городе открылся домашний семейный кинотеатр
Мадина Тапаева, «TALAS tynysy». Поход в кинотеатр излюбленное времяпровождение многих людей, вне зависимости от их …