Home / Аймақ / Тариф жайы талқыланды

Тариф жайы талқыланды

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy».

Қала әкімі аппаратының мәжіліс залында жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу, суық сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің коммуналдық қызметтеріне тарифтерді қарау, сондай-ақ алдын ала бекіту бойынша тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті.
Жиынға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бастығы Бек Момбаев, осы мекеменің бас маманы Иманғали Құрман, аудан әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін Алтишев, «Игілік» мекемесінің директоры Шәріпбек Оналбаев, қала әкімінің орынбасары Руслан Өмірәлиев және аудандық мәслихаттың депутаты Таңнұр Қапсаланов қатысты.
Коммуналдық қызметтер тарифінің қымбаттауына ағымдағы жыл ішінде 1 кВт/сағ электр энергиясына тарифтің 19,05 пайызға немесе 19,89 теңгеден 23,68 теңгеге дейін өсуі, соынмен қатар 2021 жылдан бастап ең төменгі жалақының көтерілуі әсер етіп отыр. Одан бөлек, жанар-жағармайдың, қосалқы бөлшектердің, құрал-жабдықтар мен қажетті материал бағасының артуы себеп. Қазіргі таңда коммуналдық төлемнен түсетін қаражат кәсіпорын шығынын толық өтей алмайды. Себебі, коммуналдық қызметтер тарифі төмен. Мәселен, ауыз судың орташа босату тарифі 1 текше метрге (1000 литр) 29,25 теңге болса, 2021 жылдың нақты шығын есептемесімен 44,11 теңгені құрады. Яғни бір ауыз судың өзінен текше метріне 14,86 теңге шығын жұмсаған. Бұл туралы қоғамдық тыңдау барысында «Игілік» кәсіпорнының экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы Нұржан Райымбеков баяндап берді.
Одан бөлек жиында тұрғындар көппәтерлі үйлердегі жылу жүйесін өзіне ыңғайлы етіп бұрып алған пәтер иелерінің заңсыз әреткетін бақылауда ұстауды және коммуналдық қызмет тарифін көтеруде халықтың әлеуметтік жағдайын ескеруді сұрады.
Көтерілген мәселелерге сала басшылары тарапынан тиісті жауаптар қайтарылды.

About DevTeam

Check Also

В городе открылся домашний семейный кинотеатр

Мадина Тапаева, «TALAS tynysy». Поход в кинотеатр излюбленное времяпровождение многих людей, вне зависимости от их …

Добавить комментарий