Home / Денсаулық және спорт / Ботулизмнен абай болыңыздар!

Ботулизмнен абай болыңыздар!

Халықтың, «қыс азығын жаз жина деп», күз айында жаппай үй жағдайында көкөністерден салат жасап, консервілеу жұмысына кірісетіні рас. Ал қыс маусымы басталысымен тұрғындар үй жағдайында дайындалған көкөністерден жасалған тамақ өнімдерін пайдалана бастайды.
Консервіленген банкідегі қияр, саңырауқұлақ пен қызанақ, тәтті қызыл бұрыш, баклажаннан тағы да басқа көкөністерден үй жағдайында жасалған салаттар өздерінің тамақтық құнарлылығын, дәмділігін, жарамдылығын ұзақ сақтайды. Бірақ санитарлық ережелер және талаптардың бұзылуы, дайындау технологиясы мен сақтау тәртіптері бұзылған жағдайда тамақтан уланудың ең ауыр түрі — ботулизм ауруына әкеп соқтырады.
Ботулизмнің ауруының пайда болу себептері: үй жағдайында қыс мерзімдеріне арналып дайындалған консервілеу, қайнату, дайындау кезінде технологиясы дұрыс сақталмаған көкөністерден жасалған салаттарды тамаққа қолдану. Дайындау технологиясы дұрыс сақталмаған жағдайда қияр, қызанақ, саңырауқұлақ, баклажан тағы да басқа көкөністерден жасалған салаттарда ботуло уыты пайда болады. Уыт ең алдымен орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Аурудың алғашқы белгілері: жүрегі айнып, лоқсу, бастың ауыруы, жалпы әлсіздіктің пайда болуы, бас айналу, көздің көру қабілетінің төмендеуі, заттың көзге екі еселеніп көрінуі, көздің алды бұлыңғыр тартады. Орталық нерв жүйесі зақымданғандықтан аурудың сөзі түсініксізденіп тілі күрмеледі, жұтыну рефлексі бұзылады, оған птоз қосылады. Науқастың тыныс алу ауырлайды. Өлім тыныс ала алмау салдарынан болады.
Ботулизм ауруының алдын алу шара­ла­ры: Үй жағдайында банкі жапқан (консервілен­ген-маринадтаған) кезде жеке бастың гигиенасын және банкілерді тазалау, жуу мен қайнату мерзімін қатаң сақтау. Бұзыла бастаған лас, пісіп кеткен жеміс-жидектерді консервілеуге, қалбырлауға пайдаланбаңыздар.
Өзіңіз дайындаған, консервіленген өнімдерді тамаққа пайдаланар алдында 15 минут қайнатқан дұрыс. Үй жағдайында консервіленген маринадталған көкөніс пен жеміс жидектерді 0 — +16градус Цельсийде сақтаған жағдайда 1 жылдан артық сақтауға болмайды.
Құрметтi, аудан тұрғындары!
Үй жағдайында бұл ауруды емдеп, жазу мүмкін емес, сондықтан аурудың алғашқы белгілері білінісімен дер кезінде дәрігер шақыртып, ауруханаға жатып емделу қажет. Ботулизм ауруы — өте қауіпті ауру. егер дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмесе аурудың соңы өлімге апарып соқтырады.
Ж.Омарбекова,
Талас аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

About DevTeam

Check Also

Шапшаңдық пен төзімділік сыналған жарыс

Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің 60 жылдығына орай және кәсіби бағдар беру жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Қаратау …

Добавить комментарий